«Я и мои окрестности»

 Шемонаиха қаласының Халықаралық балалар кітаптары орталығында «Я и мои окрестности: Память. Образ. Будущее» атты ІІІ Балалар кітаптарының форумы өткізілді. Форум «Ресей-Қазақстан. Шексіз ашық оқылым» жобасы аясында өтті.

Оқырмандардың «Волкодав» бестселлерінің авторы Мария Семеновамен, график-суретші Вадим Салманхановпен және «тарихи естеліктің» сақтаушысы Рудакова Наталья Юрьевнамен кездесуі ұмытылмас оқиға болды.

Әртүрлі буын мен жастағы оқырмандар жазушы Мария Васильевнамен әңгімелесіп, оның – «Волкодав», «Валькирия», «Викинги», «Лебединая дорога» кітаптарының әлемі туралы айтты.Әрбір кітаптың өзінің әмбебап, қайталанбас рухы бар. Мария Васильевна оқырмандарға өзінің «славян фэнтези» стиліндегі- «Братья» жаңа кітабын таныстырды.

Жергілікті суретші Вадим Курбановичтің жұмыстарын қарастырып әрі талқылай отырып, қатысушылар сурет өнерінің тамша техникасына жақындады.

 Өлкетану музейінің қызметкері Наталья Юрьевна қаламыздың тарихына үңілу, өткен күндерге саяхат жасау мүмкіндігін берді.

Балалар кітаптарының оқырмандық форумы қатысушыларға кітап, кескіндеме және суреттер арқылы әлем ғажайыбын көру мүмкіндігін сыйлады.