«Тыңдаушыларды әліпбимен таныстыру» танымдық-ақпараттық сағаты

Ағымдағы жылдың 9 қазанында Шемонаиха ауданының Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығында «Тыңдаушыларды әліпбимен танымдық-ақпараттық таныстыру» сағаты өткізілді. Мақсаты – қазақ тілінің латын графикасына көшудегі қолданысын кеңейту, латын әліпбиінің тиімділігін және оның біздің болашағымыз үшін маңызын түсіндіріп жеткізу.Сабақ барысында латын графикасына негізделген әліпби бойынша қатысушылар түрлі тапсырмалар орындады. Берілген тақырып бойынша мәтінді оқып, жұмыс жасады. Сабақ соңында өз ойларын сауалнама арқылы жеткізді.

Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы