Ақпараттық хабарлама

«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Зевакино ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ 2018 жылы 26 қазанда  Астана уақыты бойынша сағат 10.00 де өтетін ауылдық коммуналдық нысандардың мүліктерін бағасын көтермелеу әдісін қолданумен электрондық аукцион жүргізетіні туралы хабарлайды.

www. gosreestr. кz мемлекеттік мүлік Реестрінің веб порталында

Ауылдық коммуналдық нысандардың мүліктерін сату 2011 жылғы 01 наурыздағы №413 Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы»Заңымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 « Жекешелендірілетін нысандарды сату Ережесін бекіту туралы»жекешелендіретін нысандарды сату Ережесімен сәйкес жүзеге асырылады.

Бағасын көтермелеу әдісін қолданумен электрондық аукционға қойылады:

1. «CHEVROLE  NIVA  212300-55   LC» маркалы автомобилі  2011 жылы шыққан, меншік иесі  «Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Зевакино ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ, бастапқы құны (нарықтық) бағасы1 746 000,00 теңге (бір миллион жеті жүз қырық алты мың теңге), кепілдік жарнасы  261 900,00 теңге (екі жүз алпыс бір мың тоғыз жүз теңге).

Анықтамалар үшін телефондар: 8 72332 7-61-21, 3-09-55

Аукционға қатысушыларды тіркеу  хабарлама жарияланған күннен басталады және аукцион басталуға дейін екі сағат қалғанда аяқталады , аяқталғаннан кейін қатысушылар берілген тапсырыстарын қайта ала алмайды.

Кепілдік жарна: төлемді алушы:  "Ақпараттық-есеп -орталығы"АҚ; БИН: 050540004455. Есептік шот  (IBAN/ИИК)  "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-да: KZ946017111000000330; БИК: HSBKKZKX; КНП: 171; Кбе: 16

(кепілдік жарна мөлшеріне  банк қызметін төлеу кірмейді). Төлемді тағайындау – аукционға қатысу үшін кепілдік төлем. Назар аударыңыз!Веб портал реестрінде электрондық тапсырысты қабылдаудан бас тартуға қатысушының көрсетілген талаптарды сақтамауы негіз болып табылады, сондай-ақ аукцион басталғанға дейін бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына  сатуды жүргізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеуі .

Электрондық аукционға қатысу үшін www. gosreestr. kz мемлекеттік мүлік Ресстрінің веб порталында алдын –ала тіркелу керек, көрсетумен:

1)Жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан ары-ЖСН),тегі, аты, әкесінің аты(бар болса);

2)Заңды тұлғалар үшін: бизнес- сәйкестендіру нөмері( бұдан ары БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты(бар болса);

3)Кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банк шотындағы есепшот реквизиттері;

4) Байланыс деректері( пошталық мекенжай, телефон, факс, e-mail);

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгертілген кезде қатысушылар бір жұмыс күнінің ағымында веб-портпл реестріне енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін, қатысушының ЭСҚ қол қойылған қосымшаға, осы ережеге сәйкес, форма бойынша саудаласуға қатысуға тапсырысты веб портал реестрінде тіркеу қажет.

Веб-портал реестрін автоматты тексеру нәтижесі бойынша қатысушының электрондық мекенжайына тапсырыста көрсетілген, тапсырысты қабылдау туралы электрондық хабарлама немесе тапсырысты қабылдаудан бас тартудың себептері туралы электрондық хабарлама  жіберіледі.

 Аукционға жіберілген қатысушыға, веб –портал реестрінде берілген  аукциондық нөмір бойынша аукциондық залға, рұқсат беріледі.

 ЭСҚ және аукциондық нөмірді қолдана отырып, аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде  аукциондық залға кіреді. Аукцион жекешелендірілетін нысандардың бастапқы бағасын аукциондық залда автоматты орналастыру жолымен Астана уақытында саудаласуды жүргізу туралы хабарламада көрсетілген уақытта басталады .

Аукцион жүргізу кезінде жекешелендірілетін нысанның бастапқы бағасы жекешелендірілетін нысанның алғашқы бағасымен тең.

Бағасын көтермелеу әдісін қолданумен аукцион жүргізу тәртібі:

1) егер аукцион залында  электрондық аукцион басталғаннан бастап жиырма минут ішінде бірде-бір  қатысушы өзінің жекешелендірілетін нысанды сатып алу  тілегін  жекешелендірілетін нысанның бастапқы құнын  көтермелеу әдісімен   бір адым құптамаса, онда осы жекешелендірілетін нысан бойынша эектрондық аукцион, нақтыланған Ереженің  46 тармағымен сәйкес, болмады деп есептеледі;

2) егер аукцион залында  электрондық аукцион басталғаннан бастап жиырма минут ішінде бір  қатысушы өзінің жекешелендірілетін нысанды сатып алу  тілегін  жекешелендірілетін нысанның бастапқы құнын  көтермелеу әдісімен бір адым құптаса, онда осы жекешелендірілетін нысан бойынша эектрондық аукцион, нақтыланған  Ережемен сәйкес, бастапқы құны нақтыланған қадамға көтеріледі;

3) егер жиырма минут ішінде ағымдағы баға көтерілген соң қатысушылардың бірде-бірі өзінің өзінің жекешелендірілетін нысанды сатып алу  тілегін  жекешелендірілетін нысанның бастапқы құнын  көтермелеу әдісімен құптамаса, онда соңғы рет өзінің жекешелендірілетін нысанды сатып алу  тілегін құптаған қатысушы жеңімпаз аталады, ал осы жекешелендірілетін нысанның электрондық аукционы орындалды деп есептеледі.

Жекешелендірілетін нысан бойынша аукцион қатысушылардың бірінің көбірек ұсынған бағасына дейін  көтермелеуге барады.

Бағасын көтермелеуге жекешелендірілетін нысан бойынша аукцион, егер жекешелендірілетін нысанның бастапқы бағасы екі адымнан кеме емес көтерілсе орындалды деп есептеледі, ол үшін бастапқы бағасын  екі адымға көтермелеуді екі қатысушыдан кем емес жүзеге асырады. 

Аукцион нәтижесі әрбір сатылған жекешелендірілетін нысан бойынша аукцион нәтижесі туралы, сатылым жүргізілген күні ЭСҚ қолданумен сатушымен және жеңімпазбен  веб-портпл реестрінде  электронды хаттамамен рәсімделеді .

Электрондық аукцион нәтижесі туралы хаттама, электрондық аукцион нәтижесін тіркейтін құжат  және жеңімпаз бен сатушының жекешлендірілетін нысанды  сату бойынша сатып алу -сату шартына қол қою міндеті болып табылады  Сатып алу-сату шарты веб-портал реестрінде электрондық форматта жасалады және сатушымен және жеңімпазбен ЭСҚ қолданумен сату нәтижесі туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күннен  көп емес мерзімде қол қойылады. 

Аукцион жеңімпазы сатушыңа сатып алу-сату шартына қол қою кезінде  келесі құжаттардың көшірмесін  салыстыру үшін міндетті түрде  түпнұсқаларымен немесе  нотариалдық куәләндірілген көрсетілген құжаттарды ұсынады:

1) жеке тұлғалар үшін: төлқұжат немесе жеке тұлғаны куәләндіретін құжат;

2) заңды тұлғалар үшін: куәлік немесе заңды тұлғаны  мемлекеттік тіркеу(қайта тіркеу) туралы анықтама; заңды тұлға өкілеттігін куәләндіретін уәкілдік құжат, сонымен бірге төлқұжат немесе заңды тұлға өкілетін куәләндіретін құжат

Құжаттардың тұпнұсқасы салыстырма жүргізілгеннен кейін бір сағат ішінде қайтарылады.