«Жүрекке жылы жер» танымдық бағдарламасы 

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Достық үйінде Шемонаиха ауданының 90 жылдық мерейтойы және туған өлке тарихына арналған танымдық шара өтті. Іс-шараға «Звено Алтая», Книженцевтар және Шрамко отбасылары қатысты. Онда балалар өзінің туған өлкесі, әсем қаласы және онда тұрып жатқан адамдар туралы қызықты мәліметтерді білді. Ақындардың орындауында авторлық өлеңдер айтылды. Ольга Высоцкая А.Шрамконың өлеңі мен музыкасына жазылған әнді орындады. "Солнышко" мектеп жанындағы лагерінің балалары "Люби и знай свой край родной" викторинасына қатысты. Іс-шараның жүргізушісі мен этномәдени бірлестіктерінің белсенділері өлкеміздің тарихының тек кішкентай бетін ашса да, осы парақ үлкен әңгіменің басы болсын.