Көшелерді қайта атау туралы шешім

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Октябрьский ауылдық округінің Луговое ауылы көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 35 –бабы 2-тармағымен, Октябрьский ауылдық округі тұрғындарының пікірін және Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 02 наурыздағы қорытындысын ескере отырып, Октябрьский ауылдық округінің әкімі, Шешті:
1.Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Октябрьский ауылдық округі Луговое ауылының келесі  көшесі қайта аталсын:

1) Октябрьская көшесі Жастар көшесіне.

2.Осы шешімнің атқарылуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы шешім ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

Е.Драчев

Октябрьский ауылдық округінің әкімі