«Кент аумағына жасалған экскурсия» 

2018 жылы 3 маусымда Первомайский кентінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» базалық бағыты бойынша кенттің аумағына шағын экскурсия жасалды.

Балалар тылсым табиғаттың құшағына еніп, жәндіктердің өмірімен танысты. Табиғат-адам-қоғам бір екендігін түсінді.. Туған жердің табиғатымен таныса отырып-табиғат-экология-адамзат бір-бірімен тығыз байланыста екендігін, табиғатты сүю, оған сүйіспеншілікпен қарау керек екендігін білді.