Интерактивті викторина 

2018 жылы 3 маусымда Первомайский кентінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Отаным тағдырым» базалық бағыты бойынша интерактивті «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» атты викторина ойындары өткізілді.

Аталған іс-шараға мектептің мұражайына 60 оқушы қатысып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің авторларымен танысып, тарихына үңілді. Қатысушылардың қызығушылығын туғызған рәміздердің рөлі балалардың жадында сақталады. Шараның қорытындысы  мемлекеттік рәміздерді білу бойынша викториянамен аяқталды.