2018 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсы туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы  туралы» № 523 Жарлығына сәйкес 2018 жылы  Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсты өткізу басталғаны туралы жариялады.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы (бұдан әрі - конкурс) халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Тек қана жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының барлық аумағында өткізіледі.

лауреаттар атақтары жыл сайын мынадай екі санат бойынша беріледі:

1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;

2) ірі кәсіпкерлік субъектісі

Конкурс 4 номинация бойынша өткізіледі:

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».

Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;

3) "Үздік ұжымдық шарт". 

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

4) "Экологияға қосқан үлесі үшін".

Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыру;

Әлеуметтік және қайырымдылық қызметі саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталмаған болуы қажет.

Қарауға арналған материалдар конкурс ұйымдастырушыларына қағаз және электрондық тасығышта беріледі.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурс қатысушыларына бекітілген нысандағы өтінімді және материалдарды береді, онда:

1) қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;

2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі.

Үміткердің есебінде:

·        заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;

·        ұйымдық құрылымы;

·        өзге де қосымша ақпарат;

3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);

4) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен нысан бойынша толтырылған сауалнама.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 05.07.2018 жылға дейін қабылданады.

Конкурс туралы толық ақпаратты Шемонаиха қаласы, Молодежный көшесі, 19 үй мекен жайындағы «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-дан алуға болады.

Анықтама үшін телефондар: 8(72332)34351, 8(72332)31331