Кұрметті салық төлеушілер

Шемонаиха ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды.

2017 жылдың 31 желтоқсанында жеке тұлғалардың 2017 жылға көлік құралдары салығын төлеу мерзімі аяқталды. ҚР Салық кодекісінің 490 бабының 1 тармағына сәйкес, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.ҚР Салық кодекісінің 491 бабының 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында тiркелген және (немесе) есепте тұрған, тiркемелердi қоспағанда, көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.

Сондай-ақ  салықтық міндеттемелерін уақытылы орындамаған барлық салық төлешілерге салықтық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда,жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады және Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындау үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жібереді.