Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

2018 жылғы 15 мамырда ҚР БҒМ тапсырмасы бойынша «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде Шемонаиха ауданының 23 орта білім беру ұйымдарында Халықаралық отбасы күніне арналған «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» тақырыбында жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өткізілді. Бірдей уақытта өткізілген жиналысқа 1388 ата-ана қатысып, келесі мәелелер қарастырылды:
1) «Жыл табысы»: республиканың, өңірдің, мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері;
2) мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру;
3) 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары;
4) оқу процесін цифрландыру;
5) мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту.
Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру.