Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу бойынша

Шемонаиха ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу бойынша келесі ақпаратты хабарлайды.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 748-бабының 1-тармағына кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшыққа (бұдан әрі - КПҚ) арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының (бұдан әрі - ПҚӨС) мөлшерлемелері өндірілген кең таралған пайдалы қазбалар және емдік балшық көлемінің бірлігі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды:

Р/с
Пайдалықазбалардыңатауы Мөлшерлемелер, АЕК-пен
1 2 3
1. Метаморфалықжыныстар : мәрмәр, кварцит, кварцтық-далалық шпат жыныстары 0,02
2. Магмалық тау жыныстар: гранит, сиенит, диорит, габбро, риолит (липарит), андезит, диабаз, базальт, вулкандықтуфтар, шлактар, помпалар, вулкандықшыныларжәнешынытектесжыныстар (перлит, обсидиан) 0,02
3. Шөгінді тау жыныстары: жұмыртастар мен қиыршықтас, қиыршықтас-құмды (құмды-қиыршықтасты) қоспа, құмжәнеқұмтастар, саз жәнесаздыжыныстар (саздақтопырақ, алевролиттер, аргиллиттер, саздытақтатастар), ас тұзы, гипстікжыныстар, мергельдер, әктастар, оныңішіндеқабықшалар, борлыжыныстар, доломиттер, әктас-доломиттіжыныстар, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), табиғипигменттер, шымтезек 0,04
4. Емдікбалшық 0,02

Сондай-ақ осыған ұқсас тізбе 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексі (бұдан әрі- Жер қойнауы туралы Кодекс) 12-бабының 4-тармағымен көзделген.
Жер қойнауы туралы Кодексі 12-бабының 4-тармағына негізделе отырып, КПҚ-ға жатқызылмаған, сондай-ақ кендік болып табылмайтын (саф металдар, қара, түсті, сирек, радиоактивті металдардың және сирек кездесетін жер элементтерінің кендері) қатты қазбалар кендік емес деп танылады.