«Астана – арман қала» атты дәріс

Шемонаиха тарихи-өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде №1 Н. Островский атындағы мектеп оқушыларға арналған «Астана –арман қала» атты  дәріс өтті.

Астана қаласының туу тарихы Тәуелсіз Қазақстанның және жаңа елорданың құрылыс бастамашысы болған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.А. Назарбаевтың қызметінің ажырағысыз қалыптасу тарихы болып табылады. «Астана –арман қала» атты дәріс қаладағы әлемдік мәдениет нысандарының «Астана-Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің, Тәуелсіздік Сарайының, Бейбітшілік және Келісім Сарайының, Орталық концерт залының, "Қазақстан", "Бәйтерек", "Хан Шатыр" "Думан" ойын-сауық кешендерінің  және т. б тарихи пайда болуын баяндайды.

Тыңдаушылар көзбен көру үшін слайд презентация және астананың көрікті жерлерінің фото көрмесі пайдаланылады. Жүргізіліп жатқан іс-шаралар қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, Отанымыздың әлемдік кеңістікте өсіп келе жатқан рөлін сезінуге бағытталған.