|
Шемонаиха ауданындағы «Қысқы ертегі»
Бұл мектеп дәстүріне енді, жылдан-жылға балалар әртүрлі көлемде және бағытта әдемі фигуралар жасайды. Осы оқу жылында оқушылар бізді тағы қуантты.
Оқушылардың эстетикалық және экологиялық мәдениетін тәрбиелеу, мектептің позитивті образын құру мақсатында Шемонаиха ауданының білім беру бөлімінің бастамасымен ауданның жалпы білім беретін мектептерінің арасында «Қысқы ертегі» аудандық байқау-конкурстары өтті.
Конкурс қорытындылары бойынша орындар келесі тәртіпте бөлінді:
Гран – При –Ю.Гагарин ат. №3 ом
I орын –№5 ом
II орын– Октябрь кешені
III орын – Красношемонаиха ном
Мектеп қақпасына кіргенде, Мектеп Республикасының қар ертегі әлеміне келіп кіресің. Қақпа жанында сүйкімді, түрлі-түсті аңдар қарсы алады, әрі қарай әр Жаңа жылдың бас кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақар, осы жылдың көрікті өкілі жолбарыс мүсіні. Балалар өз сынып жетекшілері және ата-аналарымен бірге жасады.
Қар мүсіндері әлі күнге дейін өз орнындарында тұр, тек ғана өз бояуларын аздап жоғалтты, бірақ сонда да барлық ересектер мен балаларды қуантады!
Шемонаиха ауданының
Білім беру бөлімі
|