Сайт әкімшісі:
071800 ҚР ШҚО
Шемонаиха ауданы
Шемонаиха қаласы
Советский көшесі, 59
Телефон: 8(72332)3-13-17
E-mail: akim@
shemonaiha.vko.gov.kz

Рақанова Эльвира Жақанқызы

Жолдауды талқылаймыз

Шемонаиха ауданы әкімінің есебі 29 қаңтарда сағат 11-де Верх-Уба ауылдық округінде жоспарланып, өткізілді. Кездесуге қатысушылар «жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Президенттің Қазақстан халқына жаңа үндеуін тыңдады.

Осы маңызды құжатты талқылау Шемонаиха ауданы әкімі Г.Ермолаевтың баяндамасынан басталды, 2009 жылғы атқарушы органдардың қызметін талқылай келе Қазақстан Республикасы Парламенті Палатасының бірлескен отырысында тікелей эфирде Президент берген жаңа тапсырыстарға және негізгі басымдықтарға ерекше тоқталды.

Аудан әкімінің есебін талқылау кезінде сөз сөйлегендер Жолдаудағы өздеріне өте жақын деген жерлеріне тоқталды: Л.В.Синельникова-кітапханашы, Л.А.Рудько-Верх-Уба ОМ директоры, В.А.Яковенко-шаруа қожалығының жас басшысы, Е.К.Романов-зейнеткер және А.Ф.Полторак-Верх-Уба ауылдық округінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы, ол уақыттың зымырап өтіп, ХХІ ғасырдың он жылдығына, стратегиялық бағдарламаның «Қазақстан-2030» 10 жылына жеткенімізді, Елбасының данышпандығын, білгірлігін, көргендігін айтты. Барлық қазақстандықтарға тапсырылған іске жауапкершілікпен және жаңа көз қараспен қарауды ерекше айтты, ауылда өнімділіктің артуын біз төрт есе күшейтеміз деген сенімділік білдірді, Біздің Президентіміз Жолдаудағы әлеуметтік бағыттан бір адым шегінбейтіні бізді қуантты деді А.Ф.Полторак. Зейнетақы және жәрдемақы мөлшерінің өсуі біздің отбасымыздың бюджетіне маңызды қосымша болады. Президентіміздің тапсырмасы бұрынғыдай ширақ ғылыми дәлелді және біз ауылдықтар, ауылға арналған болашақтың, индустрияландырудың өсуі бойынша Президенттің жоспарларын құптаймыз.

Жалпы Жолдау бізге қазақстандықтарға арналған және оны орындаймыз. Осы кездесуге қатысушылар атынан А.Ф.Полторак ЕҚЫҰ төрағалыққа сайлануымен құттықтау сөздерін Нұрсұлтан Әбішұлына айтты, денсаулық тіледі.

 

Шемонаиха ауданы әкімінің баспасөз-қызметі.

 

 

 
 
Copyright © 2007-2010