Сайт әкімшісі:
071800 ҚР ШҚО
Шемонаиха ауданы
Шемонаиха қаласы
Советский көшесі, 59
Телефон: 8(72332)3-13-17
E-mail: akim@
shemonaiha.vko.gov.kz

Рақанова Эльвира Жақанқызы

Туған жердің дәстүрі

Достық үйі Шемонаиха ауданында тұратын барлық халықтар достығының, ұлтаралық келісімнің рухани тірегі болып табылады. Қазақстанның қазіргі ұрпағы болашақ ұрпақ алдында әр этностың салт-дәстүрі мен тілін, тұрмыстық мәдениетін сақтауға жауапты.

20 жыл бұрын, 1989 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақ Социалистік Кеңестер Одағында «Тілдер туралы» Заң қабылданған. 1989 жыл – Шемонаиха ауданының қазақтарын біріктіріп қана қойған жоқ, сонымен қатар, тілдің, тарихтың, мәдениеттің, халық салт-дәстүрлерінің жандануына себеп болған аудандық «Қазақ тілі» қоғамының пайда болған жылы болды.
«Қазақ тілі» қоғамының 20 жылдық мерейтойына арналған «Туған жердің дәстүрі» Достық үйіндегі мерейтойлық кездесуге қоғамның белсенді мүшелері жиналды. «Қазақ тілі» қоғамымен мейрамды бөлісуге мемлекеттік басқару өкілдері, Достық үйінің Кеңес төрағалары, этномәдениет ұжымдарының басшылары келді. Қоғамның қайнар бастуында тұрған адамдарға, сонымен қатар, 14 жыл бойы басқарып келе жатқан Қадиша Балашевна Тулееваға көптеген жылы сөздер айтылды.

Кездесу «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастырушыларына олардың қоғамдық келісім мен достық үшін атқарған абзал жұмыстары үшін, үлкен құрметпен және жылы шырайда өтті.
Аудан әкімі Г.Ф.Ермолаев басқа ұлт өкілдері басым ауданда қазақ тілін жаңғыртуға ат салысып жүрген белсенділердің барлығына естелік сыйлық берді.

 

Шемонаиха қ. ҚМҚК «Достық үйі»

 

 
 
Copyright © 2007-2010