|
«Жол картасы - 2009» аяқталады!»
Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту бөлімімен «Жол картасы» аясында жұмыссыз азаматтарды кәсіби курстық даярлау жұмыстары бойынша қорытынды шығарылды.
Ауданның барлық оқу орындарында кәсіби даярлауды жүзеге асыру үшін 7 оқу орны қатысты: «КЛ-19» ММ, «Құмаш Нұргалиев атындағы колледж», МЕМ ОКО «Әлем», МЕМ «Первомайский оқу өндірістік комбинаты», «Семейдің көлік колледжі» МКҚК және «Шығыс –Қазақстанның ауылшаруашлық колледжі» (омарташылар) ММ қатысқан болатын.
Біздің ауданда кәсіби даярлаумен барлығы 386 жұмыссыз азамат қамтылды. Бұл жұмыс аудан орталығында ұйымдастырылды және ауыл округтерінде 175 адам білім алды. Верх-Уба кентінде 75 адам оқытылды: омарташылар, электрогаз дәнекерлеуші, сатушы мамандықтарын алды. Первомайский кентінде электрогаз дәнекерлеуші, ЭВМ операторы мамандықтары бойынша 60 адам, Каменевка ауыл округінде тақта қаптаушы, мамандығы бойынша 15 адам, Октябрьское және Зевакино ауыл округтерінде трактор жүргізуші мамандығын 25 адам алды.
Бүгінгі күнге 283 адам оқуды бітірді және мына мамандықтар бойынша диплом алды: бұл- кондитер, модельер – пішуші, аспаз, электрогаз дәнекерлеуші, сатушы, ауыл шаруашлық өндірісінде тракторист-машинисі, кабель байланыс монтажшысы, 1 С бухгалтері, референт –хатшы, ЭВМ операторы, электромонтер, тақта қаптаушы, жүргізуші мен тіпті омарташы. Мамандық алғандардан 74,2% адам жұмысқа орналастырылды.
«Жол картасы» бағдарламасын іске асыру ауданда жұмыссыздар санын азайтуға мүмкіндік берді. Алдағы жылы аталған жобанын жалғастырылатынына шемонаихалықтар мен аудан тұрғындары кәміл сенеді.
|