|
Есірткіге жол жоқ
Нашақорлық және есірткі бизнесімен күрес жергілікті орындаушы және құқық қорғау органдарының жұмысындағы басым бағыттардың бірі болып табылады.
Нашақорлық және есірткі бизнесімен күресу 2009ж.-2011ж. аудандық Бағдарлама біздің қоғамымыздың гүлдену мүддесіне, азаматтардың бостандығын, заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету кепілділігі үшін жасалып отыр. Берілген бағдарламаға сәйкес ауданда нашақорлық және есірткі бизнесімен күресу, есірткі заттардың заңсыз айналымының профилактикасы бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Шемонаиха АІІБ ҚПБ қызметкерлерімен ағымдағы 2009ж. өту мерзімінде есірткінің өту каналдарын анықтауға бағытталған, есірткі заттарын аса үлкен көлемде өткізу, сақтаумен байланысты қылмыстарды ашуға, жедел-іздестіру шаралары өткізілді.
2009ж. 7ай ішінде Шемонаиха ауданының аумағында есірткі және психотропты заттардың заңсыз айналымына байланысты 16 қылмыс тіркелген, оның ішінде 13 қылмыс -ҚР ҚК 259б. 1т. бойынша , 3 қылмыс –ҚР ҚК 259б. 2,3т. байланысты тіркелген.
Қылмыстардың негізігі бөлігі үлкен елді мекендерде, олар- Шемонаиха қ.-9, Усть –Таловка к.-3, Первомайский к.-2 анықталған.
15.02.2009ж. Усть-Таловка кентінде есірткі заттардың өту фактісі рәсімделген, сараптама нәтижесінде есірткі заты –героин, салмағы 0,17грамм болып табылды.
25.02.2009ж. ЖІШ барысында сағат 17 шамасында ОВ 156/6 Мекемесінің сәлемдеме тексеру бөлмесінде Шемонаиха қ. тұрғыны аз.В ұсталған. Ол сотталған Б. азық-түліктерді жіберу кезінде ақ-сарғыш түсті ұнтақталған зат оралған полиэтиленді екі пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы сәйкес салмағы 12,81гр. есірткі заты «героин» болып табылды.
30.03.2009ж. Шемонаиха қ. аз.С есірткі заттарын өткізу фактісі рәсімделді., сараптамашының қорытындысы бойынша тәркіленген зат салмағы 36,57 гр. есірткі заты марихуана болып табылды. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 259 б. бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Есірткіге байланысты 10 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды. Барлық материалдар сотқа жолданды.
Апта сайын есірткі құралдарын аса үлкен көленмде өткізумен айналысатын тұлғаларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары өткізіледі.
АІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Шемонаиха ауданы наркокабинет
«Шемонаиха ауданының медициналық бірлестігі» КМҚК жанында №122 наркологиялық кабинет жұмыс істейді. Сенім телефоны: 3-07-68. жұмыс режимі: дүйсенбі-жұма сағат 8.00-ден 16.12-ке дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін, демалыс күндері – сенбі, жексенбі
Қабылдауды – нарколог-дәрігер Майлыхан Адаянұлы Адаянов жүргізеді. Тексеру, оның ішінде СПИД-ке, консультация анонимді.
Сондай-ақ сенім пункті қызметте, онда инъекция тұтынушылары құпия және тегін шприцтер мен презервативтер алуларына болады (медбірлестік ауласынан кіреді).
Шемонаиха ауданындағы нашақорлықпен және наркобизнеспен күрес
Шемонаиха ауданы әкімдігінің 09.01.2007 жылғы «Нашақорлықпен және наркобизнеспен күрес бағдарламасын орындау барысы туралы» №1812 қаулысын орындау мақсатында Шемонаиха ауданының білім беру бөлімімен аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру бойынша білім беру ұйымдары үшін іс-шаралар жоспары әзірленді, оның негізінде әрбір білім беру мекемесінде мектептік іс-шаралар жоспары әзірленді.
Аталмыш жұмысты ұйымдастыру бойынша міндеттер медициналық қызметкерлерге, аға тәлімгерлерге, ұйымдастырушы-педагогтарға, директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарларына жүктелді.
Наркокабинетпен тұрақты өзара әрекет жүзеге асырылады, дәрігерлер М.А.Адаянов, Ю.И.Кулешов дәрістер және консультациялар оқиды. Саны 300 дана «Жасөспірімдердің нашақорлық заттарын қолданудың алғашқы белгілері» жаднамалар шығарылды, жасөспірімдер дәрісханасында, мектептерде және қоғамдық орындарда орналасқан. Нарколог-дәрігер нашақорлық заттарын қолданатын жасөспірімдермен сәйкес жұмысты өткізеді.
Өйткені қылмыстардың негізгі бөлігі алкогольды мас болу жағдайында жасөспірімдермен жасалған, білім беру бөлімі құқық қорғау органдарымен бірге ай сайын мектеп оқушылары арасында спирттік ішімдіктерді, нашақорлық заттарын қолдануды анықтау және алдын алу бойынша іс-шаралар өткізіледі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мектептерде насихаттау және алдын алу жұмысы жүргізіледі. 23 мектепте наркопосттар және тірек-жастар жасағы жасалған және қызмет атқарады, 23 дәрістік топ жұмыс істейді. Жылда тәрбие диагностикасы жүргізіледі, алкогольды және нашақорлық заттарын қолдануға бейім оқушылар тізімі жазылады. Бұл балаларға тәлімгер ретінде педагогтар бекітілген. Оқу жылының бойында алдын алу жұмысы «ҚР жалпы білім беретін мектебінде зиянды заттарды қолданудың алдын алу» оқытатын бағдарлама бойынша жүзеге асырылады. Мектеп кітапханаларында оқушылар арасында нашақорлық және алкогольды имунитеттің дамуы тақырыбына кітаптар көрмелері, «Зиянды әдеттер», «Біз және СӨС», «Нашақорлық-21ғасыр обасы» және т.б. ұйымдастырылады. Құқыққорғау органдарының, денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері үнемі оқушылармен кездеседі, әңгімелер, түсіндірме жұмыстарын, «Өз денсаулығыңды сақта», «Өзіңе-өзің көмектес» және т.б. тақырыптық дәрістерді өткізеді.мектептік редколлегиялар газеттер, санбюллетендер, үндеулерді: «Денсаулық-ұлттық байлық», «Темекі-сенің жауың» шығарады.
Бірнеше жыл бойы әлеуметтік бейімделу кабинеттері қызмет атқарып келеді, 2006 жылдан қиын өмір жағдайына тап болған 875 астам балаға құқықтық, консультативтік, психологиялық көмек көрсетілді.
«Өз денсаулығыңды сақта», «Өзіңе-өзің көмектес» және т.б. тақырыптық дәрістермен құқыққорғау органдары қызметкерлерінің, медициналық қызметкерлердің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарының қатысуымен насихаттау күндерінің оқу орындарында өткізу тәжірибесі де бар. 2008-2009 жылдың есепті кезеңінде аталмыш тақырыпта 211 дәріс және әңгіме өткізілді.
Одан басқа жылына екі рет білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу бойынша айлықтар өткізіледі.
2009 жылғы 3 ақпаннан 3 наурызға дейін білім беру ұйымдарында кезекті айлық өтті, оның шеңберінде 33 дәріс, 30 мектеп ішілік акция, 73 сынып сағаты, 24 дөңгелек үстел өткізілді, мектеп ішілік бақылауда тұрған оқушылар тізімі нақтыланды. Соңғы мәліметтер бойынша жайсыз отбасылардан шыққан балалардың 302 оқиды, «қатер тобының» оқушылары-247, КІП тұрған 95 мектеп ішілік бақылаудан басқа 35 жасөспірім. АІІБ бірге 6 рейд өткізілді.
Әрбір мектепте «нарколог бұрышы» қызмет атқарады. Ай сайын мектептерде құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесі өткізіледі, онда наркопосттың насихаттау жұмысы және алдын алу жұмысының нәтижелері талданады. Зиянды әдеттерге бейім балаларды тарту мақсатында спорттық секциялар, пәндік үйірмелер және эстетикалық бағыттағы үйірмелер жүргізіледі, мектеп кештері, дискотекалар, «АнтиСПИД» және «НЕТ НАРКОТИКАМ» акциялары өткізіледі. Оқушылар сонымен қатар, мектептен тыс бос уақытта спорттық ұйымдарға барады: ССК, Өнер мектебі, Шығармашылық үйі.
Барлық мүмкін болатын тренингтер, ақпараттық дәрістер, «Денсаулық күндері», акциялар, наркопосттар, ақпараттық топтар және т.б. конкурстар өткізіледі. Ай сайын санбюллетендерді, газеттерді, үндеулерді шығару, СӨС арналған сурет конкурстары өткізіледі. Жасөспірімдік қылмыс, алкоголизмнің және нашақорлықтың алдын алу тақырыптары бойынша құқыққорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен мектептерде 14 отырыс өткізілді, 1254 оқушы қамтылды.
ШАРМиДО ұйымдастырған жастар форумының шеңберінде «Нашақорлық мәселе ме әлде жоқ па?» дөңгелек үстелі өткізілді, оған КІП бақылауында, мектеп ішілік бақылауда тұрған, «қатер тобындағы» қала мектептерінің оқушылары шақырылды. 24 жасөспірім қатысты. Ұсынылған тақырыпты талқылауға балалар белсене қатысты, соңында салауатты өмір салтын сүру қажеттілігі туралы қорытындыға келді және өз мектептерінің базасында ұқсас дөңгелек үстелдер өткізуге, аталмыш іс-шараларда жүргізуші рөлінде сөз сөйлеуге тілек білдірді.
Білім беру ұйымдары аудандық және қала көлеміндегі барлық акцияларға белсенді қатысады. ІІБ, СжДШБ бірге нашақорлықпен халықаралық күрес күніне арналған 5 аудандық акция өткізілді. 12.06.2009 жылы тағы да дәстүрлі наркопосттар конкурсы өткізілді, оған 6 команда қатысты. Жүлделі орындарды Киров ОМ, Ю.А.Гагарин атындағы №3 ОМ ММ, №5 ОМ ММ алды.
Осымен бірге ата-аналармен де жұмыс жүргізіледі, олар үшін мектеп әкімшілігі педагогикалық консилиумдар, жалпы мектептік жиналыстар, құқықтық жалпы оқыту бойынша сабақтар өткізеді, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, қараусыздықтың және қаңғыбастықтың алдын алуға ата-аналар қоғамын тартады.
Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің бастығы Т. Колтунова
|