Көлік

кн  Жолаушылар мен багаждарды тұрақты автомбильдік тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру (*.doc 57 KB)

01.08.2017 жылғы жағдай бойынша жолаушыларды және жүкті үнемі автомобильді тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру

Шемонаиха ауданының аумағында 33 елді мекен орналасқан, тұрғындардың жалпы саны 45,0 мың адам. 31 селолық елді мекен үнемі жолаушыларды тасымалдаумен қамтылған, ауданның 2 елді мекенінде маршруттың тиімсіздігіне байланысты үнемі тасымалдау жоқ. Жолаушыларды және жүкті тасымалдау жеке меншік көліктермен, сондай-ақ, такси режиміндегі тасымалдаушылармен жүзеге асырылады.
Шемонаиха ақаласында бір автобекет бар, ол белгіленген талаптарға толық сәйкес келеді. Шемонаиха қ., Чкалов көшесі, 144 мекенжайында орналасқан.
«Шемонаиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жолаушыларға қызмет көрсетудің сапасын және жағдайларын жақсарту бойынша тасымалдаушымен бірлескен жұмыс жүргізеді.
Аудн аумағы бойынша селолық елді мекендерді аудандық орталық Шемонаиха қаласымен байланыстыратын ауданішілік және қалалық маршруттар ұйымдастырылған.
Үнемі маршруттарға қызмет көрсету бойынша тасымалдаушы «Шевченко М.Ф.» ЖК юолып табылады. Тасымалдаушы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне тегін жүруге жеңілдік берілген. Сондай-ақ, «Жеңіс күні», «Қарттар күні», «Балаларды қорғау күні» секілді түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларды, мерекелік салтанатты, мерейтойларды өткізу аясында қала және ауданның тұрғындарының, қонақтарының сәйкес санаттарына жеңілдік жүру ұйымдастырылады.

Шемонаиха ауданы аумағы бойынша, ауданның бірқатар елді мекендері арқылы облысішілік үнемі тасымалдаулар жүзеге асырылады:
- Шемонаиха – Өскемен;
- Шемонаиха – Семей;
- Риддер – Семей (Шемонаиха қ. арқылы);
- Өскемен – Павлодар,

сонымен қатар келесі маршруттар бойынша жолаушыларды және жүкті халықаралық автомобильді тасымалдаулар:
- Өскемен – Новосибирск,
- Өскемен – Барнаул,
- Өскемен – Томск,
- Өскемен – Новокузнецк,
- Өскемен – Красноярск,
- Өскемен – Змеиногорск,
- Риддер-Барнаул.

Әрекеттегі үнемі маршруттардан басқа жолаушыларды және жүкті тасымалдау такси режиміндегі автомобиль көлігімен жүзеге асырылады. 01.08.2017 жылғы жағдай бойынша 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңына сәйкес аудан жеке кәсіпкерлерінің 126-дан астамы такси режиміндегі жолаушыларды және жүкті тасымалдау бойынша қызметтерін жүзеге асыра бастағандары туралы хабарландырулар берді.

01.10.2016 жылғы жағдайға жолаушыларды тасымалдауға арналған қолданыстағын тарифтер

№ пп Наименование маршрута

Стоимость проезда в тенге

1 Шемонаиха-Волчанка 300
2 Шемонаиха-Первомайский 600
3 Шемонаиха-Рассыпное 200
4 Шемонаиха-Кенюхово 250
5 Шемонаиха-Красная Шемонаиха 200
5 Шемонаиха-Усть-Таловка 150
6 Шемонаиха-Сугатовка 300
7 Шемонаиха-Пруггерово 250
8 Шемонаиха-Горкуново 250
9 Шемонаиха-Белый Камень 300
10 Шемонаиха-Большая речка 450
11 Шемонаиха-Березовка 250
12 Шемонаиха-Камышинка 250
13 Шемонаиха-Выдриха 300
14 Шемонаиха-Межовка 150
15 Шемонаиха-Медведка 250
16 Шемонаиха-Луговое 400
17 Шемонаиха-Октябрьское 200
18 Шемонаиха-Садовое 350
19 Шемонаиха-Коневка 130
20 Шемонаиха-Зевакино 600
21 Шемонаиха-Рулиха 300
22 Шемонаиха-Убинка 600
23 Шемонаиха-Крюковка 350
24 Шемонаиха- Кандыковка 400

Балалардың жол ақысын төлеу ересек адамның жол ақысынан  50% құрайды. 7 жасқа дейінгі балаларға жеке орын берілмей тегін тасымалданады.

01.08.2017 жылғы жағдай бойынша Шемонаиха ауданының көше-жол желілерін ұстау бойынша ақпарат

Шемонаиха ауданы аумағы бойынша елді мекендер автомобиль жолдары мен көшелерінің жалпы ұзындығы 789,7 км, оның ішінде:

- республикалық маңыздағы жолдар - 68 км, «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» (52-102 км), (105-123 км) ;
- облыстық маңыдағы жолдар - 114 км, «Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха» (72-87 км), «Шемонаиха-Большая Речка» (0-36 км), «Шемонаиха-Усть-Таловка» (0-9 км); Шемонаиха-Секисовка (0-54 км);
- жергілікті маңыздағы жолдар – 119 км;
- елді мекен көшелері – 488,7 км. 

Республикалық маңыздағы жолдардың теңгерім ұстаушысы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ. Жолдарға қызмет көрсетуді «Казахавтодор» РМК ЛПУ-2 ШҚОФ жүзеге асырады.
Облыстық маңыдағы жолдардың теңгерім ұстаушысы «ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ. Жолдарға қызмет көрсетуді «ОблШығысЖол» ШЖ КМК ПДУ-9 жүзеге асырады.
Аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 119 км құрайды. Оның 27 км жағдайы жақсы, 74 км қанағаттанарлық жағдайда, 18 км қанағаттанарлықсыз жағдайда. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының салыстырмалы салмағы 84,6% құрайды. Техникалық жағдайы бойынша жергілікті маңызы бар автокөлік жолдары бөлігінің көбінде қара жабуы бар (қара қиыршық тас немесе қара ұсақ тас) – 77 км, қиыршық-ұсақ тас жолдар – 42 км.
2017 жылға жергілікті бюджет қаражатынан 29154,0 мың теңге бөлінді, олардың 16000,0 мың теңгесі қысқы ұстауға, 13154,0 мың теңгесі жазғы ұстауға.

«Шемонаиха ауданының ТҮКШ, ЖК
және АЖ бөлімі» ММ басшысының м.а. Р.Косинов

Парақтар өзгертілді: 16-08-2017