Ауданды жылумен және сумен жабдықтау

Сумен жабдықтау

05.01.2017 жылғы жағдай бойынша Шемонаиха ауданы тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілуі 94,3 % құрайды, оның ішінде: селолық тұрғындары 90,7 %; қала тұрғындары 99,6 %.
Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге тұрғындардың қол жетімділігін арттыру мақсатында ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 3 селода (Красная Шемонаиха с., Рулиха с. және Барашки с.) су құбыры құрылысы бойынша жобаларды іске асыруға бюджеттік өтінімдер берілді.
«Нұрлы жол – болашаққа апарар жол» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы Красная Шемонаиха с. су құбырын салу бойынша жобаны жүзеге асыруға ақшалай қаражаттар бөлінді (262,451 млн. тенге). «ШҚО Мемлекеттік сатып алулар және коммуналдық меншік жөніндегі басқарма» ММ осы жұмыс түрлерін жүргізуге мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізуде.
Ақ бұлақ бағдарламасы аясында 2017 жылға келесі ақшалай қаражаттар бөлінді:
50,0 млн. теңге – Рулиха с. су құбырын салуға (ЖСҚ бойынша жүзеге асыру сомасы 484,131 млн.теңге);
210,504 млн.теңге – Ново-Ильинка с. су құбырын салуға (ЖСҚ бойынша жүзеге асыру сомасы 240,461 млн.теңге).
Жоғарыда аталған жобалар бойынша жұмыстардың басталуы шамамен 2017 жылғы сәуір айы. Осы жобаларды іске асыруда орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 95,45 % құрайды, оның ішінде село тұрғындары - 92,67 %.

Аудан тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі КМК жұмысы туралы

Барлық елді мекен саны 40, оның ішінде 1- қала, 39 - ауылдық елді мекен. 28 елді мекендер орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, басқа елді мекендер орталықтандырылмаған сумен қамтылған. Ауданның елді мекендерінде тасымал су пайдаланылмайды.
Шемонаиха ауданында сумен жабдықтау объектілерін ұстаумен және қызмет көрсетумен шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындар айналысады. Первомайский к. тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2004 жылы «Первомайский водоканал» КМК құрылды. Сондай-ақ, кәсіпорын Перомайский к. су қайтару қызметімен айналысады.
Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 06 желтоқсандағы №233 қаулысымен 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған «Шемонаихинский водоканал» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. «Шемонаихинский водоканал» кәсіпорны қызметінің негізгі түрі: Шемонаиха ауданының тұрғындарын және 8 елді мекендердегі (Верх-Уба, Волчанка, Крюковка, Кандыковка, Березовка, Рассыпное, Рулиха ауылдары, Шемонаиха қ. Теміржолшылар кенті) өнеркәсіптік кәсіпорындарды шаруашылық ауыз сумен, сонымен қатар Шемонаиха станциясындағы заңды тұлғаларды жылумен жабыдқтауды қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын тарифі ШҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі ҚР Агенттігі департаментінің бұйрығымен бекітілді:
«Первомайский водоканал» КМК
Су қайтаруға: текше метріне 81,8 теңге - тұрғындар
текше метріне 200,8 теңге - заңды тұлғалар
сумен жабдықтауға:
тұрғындар үшін: есептеу құрылғысымен – текше метріне 163,27 теңге
есептеу құрылғысынсыз - текше метріне 198,78 теңге
заңды тұлғалар үшін: текше метріне 180,16 теңге

«Шемонаихинский водоканал» КМК
Тұрғындарды сумен жабдықтауға: Верх-Уба, Рассыпной, Волчанка, Крюковка, Кандыковка, Березовка ауылдары- текше метріне 132,0 теңге;
Рулиха ст. - текше метріне 70,18 теңге;
заңды тұлғалар үшін: текше метріне 514,01 теңге;
жылумен жабдықтауға: заңды тұлғалар үшін - 5972,62 теңге Гкал/сағ.

Шемонаиха ауданы бойынша 2013-2014 жылдарғы жылыту маусымына дайынды.

Ауданның тіршілікпен қамтамасыз ету объектілерін жылыту маусымына сапалы және дер кезінде дайындау мақсатында штаб құрылды (20.05.2013 ж. № 1-20-ө өкімі), іс-шаралар жоспары бекітілді, 2013 жылдың жаз кезеңінде ауданның тіршілікпен қамтамасыз ету объектілерінде жөндеу жұмыстарын өткізу кестесі белгіленді.
4 штаб отырысы өткізілді.
Отын: МХК негізгі қазандығына көмірдің қажеттілігі – 92,0 мың тоннаны құрайды, 54 (59 пайыз) мың тонна әкелінді. Аудан тұрғындары үшін қатты отынға қажеттілік 43-45 мың тоннаны құрайды. Ауданда негізгі жабдықтаушы «Гортоп» ЖШС, «Вэус» ЖШС болып табылады. Бір тонна көмір бағасы 5000-5900 тоннаны құрайды. Кәсіпорын қоймаларында 2,2 мың тонна көлемінде көмір қоры бар.
03.09.2013 жылғы жағдай бойынша қысқы кезең жұмысына 55,6 км (90 пайыз) жылыту желісі; 56 (63 пайыз) тұрғын үй, 28 (87 пайыз) білім беру объектісі, 3 (100 пайыз) әлеуметтік қорғау объектісі дайындалды.
Денсаулық сақтау объектілерінде: ОАА хирургиялық бөлімінің жылыту жүйесін ауыстыру (0,9 млн. теңге), Березовка а. МП шатыры және төбе төсемінің жөндеуі (0,1 млн. теңге) өткізілді. Әрлеу жұмыстары жүргізілуде, 1,1 млн. теңге сомасына барлық қажет материалдар сатып алынды.
Қазіргі уақытта 2013-2014 жылдарғы жылыту маусымына Шемонаиха ауданының тіршілікпен қамтамасыз ету объектілерін жылумен қамтамасыз ету мәселесі бақылауда тұр.

Шемонаиха ауданының ТКШ, ЖК
және АЖ бөлімі басшысының м. а. А.В.Тиц

Аудан халқын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша КМК жұмысы туралы

Қазіргі уақытта ауданның 38 елді мекеннің 28-де орталықтандырылған сумен жабдықтау жұмыс істейді, 0,9 пайызы орталықтандырылмаған сумен жабдықтаумен қамтылған, 0,9 пайыз халық шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік үшін суды құбырлы құдықтардан алады. Аталған қиындықты шешу үшін, сондай-ақ Шемонаиха ауданының халқын қажетті мөлшерде сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2004 жылы «Первомайский водоканал» ККМК құрылды, ол Первомайский к. халқын ауыз сумен жабдықтаумен айналысады. Кәсіпорын теңгерімінде: ГАЗ 3309 АС машинасы, УАЗ, қоқыс тасығыш, экскаватор, жылжымалы агрегат бар. 2010 жылы ауданның сумен жабдықтау объектісін коммуналдық меншікке беру мәселесі тұындады, осыған байланысты 06.12.2010 жылы Шемонаиха ауданы әкімдігінің № 233 қаулысымен «Шемонаихинский водоканал» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылды, ол 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. «Шемонаихинский водоканал» кәсіпорнының негізгі қызмет түрі: Шемонаиха ауданының 8 елді мекенінің (Верх-Уба, Волчанка, Крюковка, Кандыковка, Березовка, Рассыпное, Рулиха а. Шемонаиха қ. теміржолшылылар кенті) халқын және өндірістік кәсіпорындарды шаруашылық ауыз сумен, сондай-ақ жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету. Кәсіпорын теңгерімінде тұрған желілер ұзындығы: 79,5 км су құбыр желілері; 0,9 км жылыту желілері: 4 км кәріз желілері.

Кәсіпорын абоненттерінің жалпы саны 2591, ол 6128 адамды және 73 заңды тұлғаны құрайды. 1.11.2012 жылы кәсіпорын кірісі 15,2 млн. теңгені, шығын 27,2 млн. теңгені, зиян 12,0 млн. теңгені құрады. «Шемонаихинский водоканал» КМК қызмет көрсететін объектілер бас ұйымнан бөлек 60 км қашықтықта орналасқан. Кәсіпорын су қбыр желілерінде жөндеу жұмысын жеделдеттіріп өткізу мақсатында жергілікті бюджет есебінен САГ қайнату құрылғысы -1,3 млн теңгеге сатып алынды, МТЗ-82 негізінде экскаватор берілді. Авариялық бригадасының келуі үшін, жөндеу және авариялық жұмыстарды орындау үшін, инструменттерді, қосалқы бөлшектерді тасымалдау үшін 2011 жылы кәсіпорынмен Уаз-фермер сатып алынды, сондай-ақ кәсіпорынның жарғылық капиталын ұлғайтуға 3,5 млн. теңге.

«Шемонаихинский водоканал» КМК 2013 жылдан Зевакино, Убинка, Верх-Уба, Рассыпное, Волчанка, Крюковка, Кандыковка, Березовка, Рулиха станциясы тұрғындары үшін ауыз су бойынша мемлекеттік субсидиялау тізіліміне енгізілді. «Шемонаихинский водоканал» КМК сумен жабдықтау қызметін үшін тариф: 2010 жылы Верх-Уба а., Рассыпное а., Волчанка а., Крюковка а., Кандыковка а., Березовка а. 120 теңге/м3 тарифі бекітілді; 2009 жылы Рулиха ст.70,18 теңге/м3 тарифі бекітілді. Шемонаиха ст. бойынша тариф: халық үшін 16,11 теңге/м3; бюджетік ұйымдарға 233,07 теңге/м3; басқа тұтынушылар 522,2 теңге/м3. Қазіргі уақытта КМК Табиғи монополияларды реттеу бойынша агентікпен тарифті өзгерту бойынша жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, тариф бекітілгенен кейін екі кәсіпорынды біреуге қосу туралы мәселе шешіледі.

Аудан әкімінің орынбасары: Е.Мұқатаев

 

Парақтар өзгертілді: 01-06-2017