VI шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихаты

Боровикова Антонида Борисовна Боровикова Антонида Борисовна - Мәслихат хатшысы

1962 жылы 12 мамырда  Шығыс-Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Верх-Уба ауылында туған. Білімі жоғары, мамандығы – инженер – экономист, Шығыс – Сібір технологиялық институтын бітірген. 1981 жылдан бастап еңбек жолын ШҚ МХК жұмысшыларды қамту бөлімінде бастаған. 2002 бастап Шемонаиха аудандық мәслихатының аппаратында қызмет атқарады. 2006 жылдан бастап аудандық мәслихат аппаратының басшысы. Екі баласы бар.
Шемонаиха аудандық мәслихатының VІ шақырылымының депутаты.

кнМәслихат аппаратында қабылдау уақыты айдың әр дүйсенбісінде сағат 16.00 –ден –17.00 – дейін
кнОкругте қабылдау уақыты - Первомай к. айдың бірінші сәрсенбісінде сағат 10.00 - ден 12.00 – дейін (әкімдік)
Телефон – 8(72332) 3-11-41

кнПошталық мекен – жайы: 071800  ШҚО, Шемонаиха қ., Советская к-сі, 59, 111 кабинет
кнЭлектрондық адресі: ShemMaslihat@mail.ru
кнЖұмыс кестесі: сағат 8.30 - ден 17.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 -ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері сенбі, жексенбі.
кнБайланыс телефондары: 8(72332) 3-06-13
кнАзаматтарға арналған сенім телефоны: 8(72332) 3-29-58

Лауазымдық міндеттері

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы»  Заңына сәйкес  аудан әкімімен және әкімдікпен  бірлесіп өз құзыреті шегінде аумақтардың кешендік  әлеуметтік – экономикалық  дамуын, азаматтар құқығының қорғалуын, заңды мүдделерінің қанағаттандырылуын қамтамасыз етеді.
Тұрақты комиссиямен бірлесіп мәслихат регламентін жасап, сессияда қаралып, бекітілген соң орындалуын қамтамасыз етеді;
Мәслихат сессиясы төрағасының жұмысына ұйымдастыру-техникалық жағдай жасайды;
Мәслихат сессиясын өткізу уақыты мен орнын, күн тәртібіндегі сұрақтардың жобасын  депутаттарға, аудан әкіміне және тұрғындарға жеткізеді;
Мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
Мәслихат шешімдерінің орындалуын тұрақты комиссиялармен бірлесіп бақылайды.
Мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
Тұрақты, уақытша және басқа да мәслихат органдарының, депутаттық бірлестіктердің қызметін үйлестіреді;
Мәслихат құрылымы мен аппарат штатын бекіту үшін мәслихат сессиясына енгізеді, аппарат жұмысын басқарады, қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;
Меншік нысанына қарамастан мәслихат атынан тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен, кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен байланыс жасайды;
Сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
Аппаратта азаматтарды қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды ұйымдастырады.
Өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутат өкілеттілігінің тоқтатылуы және сайлауды ұйымдастыру сұрақтарын қарайды, Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттарын сайлау бойынша сайлаушылардың жиналысын ұйымдастырады.
Жыл сайын аудандық мәслихат сессиясында өзінің атқарылған жұмыстары бойынша және аппарат қызметі бойынша есеп береді.
Мәслихаттың атынан сотта талап қою арыздарына қол қояды.
Мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.

 

Парақтар өзгертілді: 01-06-2017