Мүлікті жария ету

кн Өскемен қаласында ақша мен мүлікті жария ету туралы
*.doc 248 Kb
кн Көлеңкеден шық! Жетеді қорыққаның! 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін мүлік пен капиталды заңдастыр!!!
*.ppt 194 Kb
кн Жария Ету!!! Тұрғындардың Назарына!!!
*.doc 90 Kb
кн Сұрақ- жауап
*.doc 90 Kb
кн Қазақстан Республикасыныѕ азаматтарына, оралмандарєа жјне Қазақстан Республикасында тўруєа ықтиярхаты бар адамдарєа олардыѕ мїлікті жария етуіне байланысты раќымшылық жасау туралы
*.doc 90 Kb
кн "Қазақстан Республикасыныѕ азаматтарына, оралмандарєа жјне Қазақстан Республикасында тўруєа ықтиярхаты бар адамдарєа олардыѕ мїлікті жария етуіне байланысты раќымшылық жасау туралы" 2014 жылєы 30 маусымдаєы Қазақстан Республикасыныѕ Заѕын іске асырудыѕ кейбір мјселелері туралы
*.doc 94 Kb
     

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Жария ету!

Назар салыңыз! Жария ету Жарнасы  жылдың аяғына дейін ұзартылды! 
Шет елдегі мүлікті заңдастыру үшін өзіңіз белгілеген құннан 10% алым төлеп, мемлекеттік кірістер басқармасына декларация табыс ету жеткілікті.
Сондай-ақ, рақымшылықтар мен кепілдіктер қарастырылған.
Жария етудің жеңілдетілген шараларын пайдалануға асығыңыз! 
Толық ақпарат алу үшін  (8 72332) 3 14 57 телефонына хабарласыңыз.

Назар салыңыз!Жария етудің жеңілдетілген шараларын  пайдаланып, қарапайым әдіспен өз ақшаңызды көлеңкеден шығарыңыз.
Алымды төлемей банктегі ағымдағы шотқа ақшаны салып, немесе  10%-дық алым төлеп шотқа салмай көрсетіп, мемлекеттік кірістер басқармасына декларация тапсырып, заңдастырылған ақшаны кез келген уақытта өз қалауыңыз бойынша жұмсаңыз.
Толық ақпарат алу үшін  (8 72332) 3 14 57  телефонына хабарласыңыз.

2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін мүлік пен капиталды заңдастыр! Ол тәркіленуге жатпайды, жария ету субъектілері және объектілері туралы мәліметтерді қылмыстық қудалау үшін пайдалануға тыйым салынады, қылмыстық, әкімшілік тәртіптік жазадан босатылады.

Мүлікті жариялау – соңғы мүмкіндік, бұдан кейін ешқандай жеңілдік болмайды

2017 жылдан бастап, жалпыға ортақ декла­рация­лау процессі басталады. Мүлікті уақытында жарияламаған субъектілерге сол кезде заң ал­дында жауап беруге тура келеді. Сондық­тан да мүлікті жариялауға байланысты бар­лық мүмкіндіктерді қарастырып отырған Заң алдында жалтақтық танытпай, ертеңгі күн­нің қамын бүгіннен ойлау керек. Тура­сын айтқанда, заң алдында жауап бергеннен гөрі, заң жолымен жүрген адамның әрдайым ме­рейі үстем болатынын ұмытпаған абзал.
Сонымен қа­тар, мүліктерді заңдастыру акциясы 2016 жыл­дың 31 желтоқсанына дейін жүргі­зіл­гені­мен, мүм­­­кіндікті тиімді пайдаланудың жарты жылдан ғана мерзімі қалғанын ұмытпаған жөн.

 

Мүлікті жария ету

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтияраты бар адамдарға оларды мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мүлікті жария ету бойынша комиссия құрылды. Комиссия барлығы 60 істі қарады, оның ішінде 2014 жылы 12 іс, 2015 жылы 45 іс, 2016 жылы 3 іс қаралды.
Мүлікті жария ету бойынша комиссия өз жұмысын 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғастырады.
Мүлікті жария етуге мүдделі тұлғалар Шемонаиха қаласы, Советский көшесі, 59 мекенжайында орналасқан Шемонаиха ауданы әкімінің аппаратына жүгінулері қажет, анықтама үшін телефон: 31457.

 

Мүлікті жария ету жалғасуда! Өз мүлкінді, капиталыңды қорға!

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, тұрғындардың назарына «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және ҚР тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына сәйкес,  2014 жылдың 1 қыркүйегінен мүлік пен капиталды жария ету басталды (ары қарай - Заң).
2015 жылдың 13 қарашасында мемлекетіміздің Елбасымен мүлікті жария етуді іске асыру жолында жаңа тәсілдер анықталған өзгерістер және толықтырулармен Заңға қол қойылды.   
Өзгертілген Заңның күшіне енген уақытынан бастап, мүлікті және ақша қаражаттарың жария ету тәсілдері маңызды жеңілдетілді.
Бұрын, ақша қаражаттарың жария ету екінші деңгейдегі банктер және «Казпочта» АҚ (ары қарай – қаржы ұйымдары) арқылы іске асырылатын, онда міндетті, жария етілген ақша 5 жыл ағымында қаржы ұйымдарында сақталуы талап болып табылатын, сондай-ақ, ақша қаражаттарың жария етудің шарты бойынша 10% алымның төленуі болған.
Енді, егер ақша отандық  банктердің шотына аударылса, алымның төленуі қажет емес. Осымен бірге, жария етуге қатысушыларға ақшаны жария ету тәсілдерін таңдауға мүмкіндік берілді, 1-сі –  алымның төленуінсіз банктік шотқа ақша қаражаттарын салу арқылы, 2-сі – ақша қаражаттарың банктік шотқа салмай, 10%-дық алым төлеу арқылы.
Екі жағдайда да жария ету субъектісі тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсырады.
Жария етілген ақшаны жария ету субъектісі өз қалауы бойынша жұмсауға құқылы. Яғни, ақша қаражаттарын өзгеріс енгізге дейінгі Заңға сәйкес жария етсе, және қаржы ұйымымен бес жылдық сақтуға келісім-шарт жасалса, қазір осы келісімдердің бәрі банктермен қайта қарастырылып, жария ету субъектісі жария етілген қаражатпен өз қалауымен және кез-келген уақытта қажеттіліктеріне жұмсай алады.
Сондай-ақ, мүлікті жария ету шаралары барынша жеңілдетілді.
Аумақтардағы әкімдіктердегі комиссияларға азаматтар ҚР аумағында орналасқан және сәйкес рәсімделмеген, яғни, тіркелмеген  жылжымайтын мүлік объектілерін жария ету үшін жүгінеді.

Мемлекеттік кірістер департаменті арқылы сәйкес декларацияны тапсырып, келесі жылжымайтың мүліктер жария етуге жатады:
-  Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және басқа түлғаға немесе жария ету субъектісіне рәсімделген мүлік (мүлікті заңдастыру декларацияға қоса жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жария етілетiн мүлiкке жария ету субъектісінің меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, басқа тұлғаның жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі табыс етіледі);
- шет елдерде орналасқан мүлік бойынша (декларациямен қоса жоғарыда көрсетілген құжаттар көшірмесі бірге табыс етіледі) мүлік құнынан 10% алым сомасы төленгенің растатйын құжаттың көшірмесі. Сондай-ақ, мүлік құны жария ету субъектісімен өзімен анықталып, тексерілуге жатпайды.

Бұл ретте, мемлекеттік кірістер органдары  арнайы декларацияны тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде себебін көрсете отырып, арнайы декларацияны қабылдаудан жазбаша бас тартуды береді.
Мемлекеттік кіріс органы жария ету субъектісіне жазбаша бас тартуды жібермеген жағдайда арнайы декларация қабылданған деп есептеледі.
ҚР аумағындағы мүлік бойынша арнайы декларация қабылданған соң, жария ету субъектісі мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесімен ҚР заңнамасына сәйкес мүлікті тіркеу үшін әділет органдарына жүгінеді.
Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарында Заңмен қарастырылған кұжаттарды қоса табыс етіп (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, меншік құқығын белгілейтін құжаттың көшірмесі) және арнайы декларация тапсыру арқылы ҚР аумағындағы және одан тыс жердегі бағалы қағаздарды, заңды тұлғаның жарғы капиталдында  қатысу үлесін заңдастыруға болады.

Жария етудің қарапайым тәсілдерін есепке ала отырып, мемлекетпен берілген қолайлы жағдайды жіберіп алмай,  тұрғындарды бірегей мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз!

 

Парақтар өзгертілді: 01-06-2017