Білім беру бағдарламалары

Аудан мектептерінде негізгі білім беру бағдарламалары болып табылады:

Аудан мектептері 2 аудандық бағдарлама бойынша жұмыс істейді: «Тәрбиелеу» және «Оқыту"

«Оқыту» бағдарламасы «Білім сапасы», «Шемонаиха ауданында білім беруді дамытуды бағдарламалық-нысаналы басқару» аудандық үлгілерімен, «Зият», «Полиглот», «Жаңа ұрпақ оқулықтарын енгізу» нысаналы бағдарламаларымен өзара байланыстылығымен Шемонаиха ауданының білім беру бөлімімен әзірленді.
«Оқыту» бағдарламасын әзірлеу өзектілігі бірлікті, сабақтастықты және оларды қайта құру есебімен ауданның білім беруінің барлық бөлімдерінің және деңгейлерінің өзара байланысты ұйымдасқан және мазмұнды қамтамасыз ету қажеттілігінен пайда болған. Бағдарлама ауданның білім беруінің басымдық міндеттерін шешу кезінде білім беру үрдісіне қатысушылардың шоғырланған күшін шарттайды, «Бүкіл өмірге білім» үлгісінен «Бүкіл өмір бойындағы білім» үлгісіне көшуді қамтамасыз етеді.

Бағдарлама Қазақстандағы білім беру жүйесін қайта құрудың жалпы стратегиясы және мақсаттардың, білім берудің құрылымдық, мазмұнды-үрдістік құрамдарын өзгерту есебімен ауданда білім берудің қазіргі жағдайын талдау негізінде әзірленген. Аталмыш бағдарлама ауданның білім беру ұйымдарында ғылыми-тәжірибелік, білім беру үрдісін дамытуды әлеуметтік-педагогикалық жобалау нәтижесі болып табылатын нормативтік және басқарушы құжат болып табылады. Оны қолдану мынадан көрінеді:

Бағдарламаны әзірлеушілер «Оқыту» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын құру дұрыс деп санайды.
Бағдарлама орта мерзімді және 5 жылға есептелген болып табылады. Бағдарламаны жүзеге асыру барысы бойынша жоспарланған шаралар қолданысының мониторингі жүзеге асырылатын болады, қажет болған жағдайда сәйкесінше түзетулер енгізілетін болады.

«Тәрбиелеу» бағдарламасы «2006-2011ж.ж. Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарындағы тәрбие» облыстық бағдарламасының негізінде Шемонаиха ауданының білім беру бөлімімен жасалды. Бағдарлама ұзақ мерзімді негізде мақсаттарды, міндеттерді және білім беруді жетілдіруді анықтады. Ол өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесін дамыту стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған.

Бағдарлама бойынша жұмыс тәрбие қызметінің негізгі бағыттарымен анықталады:
- саяси және құқықтық мәдениетпен;
- отансүйгіштік санамен;
- рухани-адамгершілік мәдениетпен;
- денсаулық және салауатты өмір салты мәдениетімен;
- әлеуметтік мәдениетпен.

Тәрбие мәселесі – бұл бәрінен бұрын тұлғаның құндылық бағдарларының мәселесі. Өмір құндылықтарына деген қатынас адамның өмір сүруіне нақты мән береді. Одан басқа, тәрбие бұл келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жеткізу мәселесі, осы тәжірибені тапсыру амалдарының мәселесі, тәрбие субъектілері арасында жауапкершілікті бөлу, тәрбиеленушілермен әлеуметтік тәжірибені қабылдау үрдісін қамтамасыз ете алатын кадрларды дайындау мәселесі.
2006-2011 жылдарға аудандық тәрбие бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі білім берудегі менеджмент сапасының жүйесін енгізумен де байланысты. Қандай болмасын қызмет саласы, оның ішінде тәрбие, үрдістер жиынтығы ретінде ұсынылады. Әрбір үрдіс үшін қорлар сапасының параметрлерімен, кіріс мәліметтерімен және шығыс мәліметтерімен (нәтижелермен) сәйкестендіріледі, «кіріс және шығыс жеткізушілері және тұтынушылары» анықталады. Бұл үлгілік сұлбаның барлық элементтері үшін кіріс мәліметтерінің, үрдістердің, қорлардың және шығыс мәліметтерінің сапасына талаптарды бекіте отыра, сапаны өлшеуіштер белгіленеді. Тәрбие жүйесі үшін:

1. кіріс мәліметтері қоршаған ортаға баланың кіру қабілеті ретінде тәрбие,  бір жағынан басқаларға ұқсас, ал екінші жағынан басқа-басқалардан үздік болып оның толық құқылы мүшесі болуы болып табылады;
2. кіріс мәліметтерінің жеткізушілері тәрбие үрдісінің субъектілері болып табылады (қоғам, мектеп, мұғалім, отбасы, ата-ана, баланың өзі);
3. кіріс мәліметтері тәрбие мониторингінің нәтижелері болып табылады;
4. кіріс мәліметтерінің тұтынушылары қоғам, мұғалім, ата-ана (отбасы), бала болып табылады;
5. қорлар кадрлар, бағдарламалық және техникалық құралдар, әдістер, ақпарат болып табылады;
6. сапа тұтынушыға бағыттанушылық деңгейімен (балаға, отбасыға, қоғамға), оқыту нәтижелерін бағалау сұлбасымен, тәрбие ауытқуларын анықтау және жою жиілігімен және басқа параметрлермен анықталады.

Бағдарламаны әзірлеушілер «Тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын құру дұрыс деп санайды.
Бағдарлама орта мерзімді және 5 жылға есептелген болып табылады.


Парақтар өзгертілді: 01-06-2017