Қаржы

2018 жылғы 12 айға Шемонаиха ауданы қаржы бөлімінің негізгі көрсеткіштері бойынша ақпарат

Шемонаиха ауданының қаржы бөлімі, жүктелген міндеттерге сәйкес, аудан бюджетін атқару саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз етеді және жүзеге асырады. Бюджеттік ақшаны басқарады. Бюджеттік қаражатты игеру мониторингін жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты жүргізеді. Мемлекеттік мүлікті басқарады.
ЕХС бюджеті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде тұрғын саны 2000 адамнан көп әкімшілік аумақтық бірлікте 2018 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің 4-і деңгейі ретінде енгізілген. 11 қала, кент, ауылдық округтің 7 округі дербес бюджетке ауысты.

Салықтық және салықтық емес түсімдерден тұратын ЕХС бюджетінің табыс көздері анықталды.
ЕХС бюджеті жергілікті қоғамдастық жиналысында қарастырылғаннан кейін аудан мәслихатымен бекітіледі, ал ЕХС бюджетін орындау аумақытық бірліктің қала, кент, ауыл әкімінің аппаратына жүктеледі.
Сонымен, жергілікті қоғамдастықтың мүддесін ескере отырып, бюджет шығындарын жоспарлайтын механизмдер қарастырылған.

Шығындар Бюджеттік кодекстің қолданыстағы ауыл әкімі шығындарының 19 бағытының деңгейінде анықталады: мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру; автожолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау; елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру және басқалар.

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңды қабылдау жергілікті маңызды көкейтесті мәселені шешуде жергілікті өзін-өзі басқарудағы органдардың қаржылық және экономикалық тәуелсіздігін кеңейту мүмкіндігін берді, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешім қабылдау үрдісіне қатысу мүмкіндігі.
Жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік қаражатты толығымен және тиімді игеру үшін, міндеттер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуге сәйкес, қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге өтінім (948 өтінім) ұсыну бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен жұмыс жүргізілуде.  Қазіргі кезеңде аудан бюджетінің төлемдер мен міндеттемелер бойынша 948 жиынтық анықтамалар пысықталды.  

Тауарларды және қызметтерді жеткізушілердің міндеттерді орындауын бақылау үшін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) кесінінде төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын уақытында орындамау және қабылданбаған міндеттер туралы 264 ақпараттық-ескертулер жолданды.

2018 жылы аудан бюджетіне қате түскен соманы қайтару бойынша 11 қорытынды берілді. 25960 м.т. сомада табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарын жою үшін жергілікті атқарушы орган резервінен қаражат бөлу туралы 7 қаулы, 133086,1м.т. сомада табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарын жою үшін ҚР Үкіметі резервінен бөленген қаражатты бөлу туралы 2 қаулы қабылданды. 
Шығыс бөлігінің мониторингі күнделікті жүргізіледі, соның қорытындысы бойынша әр бюджеттік бағдарлама әкімшісімен жобалы көрсеткіштерді орындау бойынша жұмыс жүргізіледі (бюджеттік қаражат қалдығы туралы 2280 ақпарат әзірленді), аудан бюджетінің кіріс бөлігінің мониторингі (бюджеттің атқарылуы туралы 2280 ақпарат әзірленді).

Аудан бюджеті бойынша қолма-қол ақша ресурсын талдау мен жобалау үнемі бақылауда. Нақты түскен кірістер мен қажетті шығыстарға сәйкес, аудан бюджетінің қолма-қол ақша қаражатын басқару бойынша қажетті шешімдер қабылданады.
«2017 жылға аудан бюджетін орындау туралы» жылдық есеп қоғамдық кеңес отырысында қарастырылды, мәслихат сессиясы шешімімен бекітілді. «Штат және контингент желісі туралы», «2017 жылға бюджеттік қаражатты басқарудың тиімділігін бағалау туралы» жылдық есептер мерзімдеріне сәйкес ұсынылды. Есептер ескертусіз қабылданды.

Аудан бюджетін орындау, кредиторлық берешек туралы есептер белгіленген тәртіпте және мерзімде ай сайын қалыптастырылады және ұсынылады, сонымен бірге жоғары тұрған органдарға, аудан әкіміне, мәслихатқа, қаржылық бақылау комитетіне, тексеру комиссиясына, экономика және бюджеттік жоспарлау өліміне ұсынылады, 12 айда 108 есеп ұсынылды. Республикалық бюджеттін бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттерді игеру туралы және бюджетті орындау туралы есептер е-Минфин порталына орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Аудан бюджетін орындау туралы ақпарат белгіленген тәртіпте және мерзімде ай сайын қалыптастырылады және доғары тұрған органдарға ұсынылады, 2018 жылы 126 ақпарат ұсынылды.
Облыс, аудан әкімдерінің тапсырмаларын орындауға талдау уақытында жүргізіледі, бақылаудан алуға материал әзірленуде.
2018 жылға бюджетті атқару 99,9% құрады. Бухгалетрлік есепке алу және есеп беру, коммуналдық меншікті басқару және мониторингі секторымен 2018 жылы келесі жұмыстар атқарылды:
Дебиторлық берешек бойынша ай сайын есеп қалыптастырылды және ШҚО қаржы басқармасына ұсынылды. 2017 жылға және 2018 жылдың 1 жарты жылдығына қаржылық есеп бойынша шоғырландырылған жиынтық есеп ескертусіз тапсырылды.  Ақылы қызмет, қайырымдылық көмек бойынша жырты жылдық және жылдық есеп тапсырылды.
Тоқсан сайын дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша тоқсандық есеп  е-Минфин порталына орналастырылады.

Әкімшілік аумақытық бірлік кесінінде ЕХС кіріс және шығыс бөлігінің жоспары құрылды. Әкімшілік аумақытық бірлік кесінінде ЕХС 6 коды бойынша салықтық түсімдер туралы мәліметтерді жинау ай сайын жүргізіледі. Жергілік атқарушы органдарға ЕХС ҚБШ тарнсферттерді аудару жоспарға сәйкес жүргізілді 2018 жылы ЕХС ҚБШ 14500,0 м.т. қаржыландырылды, бюджеттің 4 деңгейіне  субвенция – 314 428,0 м.т.
Негізгі құралдарды бекітуге 104 бұйрық, шығынға жазуға 18 хат, бөлім қызметі үшін 92 бұйрық шығарылды.

ШҚО коммуналдық меншік және мемлекеттік сатып алулар басқармасына  «СпектрПлюс» ЖШС тарату бойынша ақпарат ай сайын ұсынылады. Жалға алушылармен 29 өтеусіз жалға алу және 32 мүліктік жалға беру (жалдау) шарты жасалды, бюджет кірісіне 1 444,8 м.т. түсті. Мемлекеттік Реестр веб - порталын пайдалана отырып, білім беру саласындағы үй-жайларды жалдаушылармен шарт жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.                                                     
Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері бойынша Комиссияның 10 отырысы өткізілді, 2017 жылдың ұқсас кезеңінде 12 комиссия отырысы өткізілді.
Мемтізілім порталында (ТОП – 65) жекешелендірудің 2017-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес жекешелендіру объектілері бойынша іс жүзінде жүргізілген іс-шараларға түзету жүргізілді.
2018 жылы сату объектісі бойынша Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталын пайдалана отырып 1 тендер өткізілді, «Шемонаихинский водоканал» ЖШС. Нәтижесінде электрондық сауда-саттық өткізілмеді деп танылды, 2017 жылдың ұқсас кезеңінде 6 тендер өткізілді.

Коммуналдық меншіктегі мүлікті сату бойынша 22 аукцион өткізілді, бюджет кірісіне 1 717,9 мың теңге түсті, 2017 жылы 5 аукцион өткізілді, бюджет кірісіне 1 694,6 мың теңге түсті.
Иесіз және иесіз қалған мүлік бойынша жұмыс жүргізілді, Шемонаиха аудандық сотына 40 талап арыз берілді, Бюджетке 4 702,1 теңге түсті.
2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігінің қағидаларына сәйкес жыл сайын квазимемлекеттік кәсіпорындармен даму жоспарлары бойынша есептерді тапсыру бойынша есептерді, хабарламаларды қабылдау бойынша жұмыс жүргізіледі.

Шемонаиха ауданы бойынша бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес 267,9 млн.теңге сомасына 58 конкурстық рәсімдер жоспарланды, барлық конкурстар бойынша шарттар жасалды.
Конкурстық рәсімдерді өткізу тұрақты бақылауда, бұл ретте мемлекеттік сатып алудың уақтылығы мен ашықтығына ерекше назар аударылады.
2018 жылы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен 3 семинар-кеңес өткізілді. 2018 жылғы қаңтарда Шемонаиха ауданы ұйымдарының мемлекеттік сатып алу бойынша мамандары мен бухгалтерлері үшін "Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа Заң"тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Облыс әкімі, аудан әкімі берген тапсырмалардың орындалуына талдау уақытылы жүргізіледі, бақылаудан алуға материалдар дайындайды. Аудан әкімі жыл басынан бері 9 тапсырма берді,олар жұмыс бақылауында, 1 тапсырма иесіз қалған мүлік бойынша ай сайын аудан прокуратурасына беріледі. 

Шемонаиха ауданы
Қаржы бөлімінің басшысы О. Суслякова

Мұрағат

  2017 жыл *.doc 89 KB
  2016 жыл *.doc 39 KB
  2015 жыл  
  2014 жыл  
  2013 жыл  

 

Парақтар өзгертілді: 29-01-2019