Бизнес

Кәсіпкерлердің назарына!

Шемонаиха ауданының әкімдігі кәсіпкерлік бастаманы және іскерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында Шемонаиха ауданы бойынша «шағын бизнес саласындағы 2014 жылдың үздік кәсіпкерлері» конкурсын келесі номинация бойынша жариялайды:

  1. Жылдың үздік кәсіпкері
  2. Өндіріс саласындағы үздік кәсіпкер
  3. Үздік кәсіпкер-әйел
  4. Шағын кәсіпкерліктің мәселесін жеткізетін ен үздік журналист

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:

  1. Заңды (жеке) тұлғаның нотариалды расталған құрылтайлық құжаттарының көшірмесі (мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, жарғы (Ереже), статистикалық карта, салық төлеушінің куәлігі).
  2. Тапсырыста көрсетілетін мәліметтерді растайтын қажетті құжаттардың, сертификаттардың, лицензиялардың көшірмелері.
  3. Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметі туралы кеңейтілген ақпарат (кәсіпорынның құрылу тарихы, өндірілетін өнімдердің (жұмыстардың, қызметтердің) сапасы, жұмыспен қамтылғандар саны, шығарылған өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) даму үдерісі, салық төлемдері, бір қызметкердің орта айлық еңбекақысы, құрылған жұмыс орындары,  көрмелерге қатысуы (наградалары), өңірдің әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысуы, кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарында мүшелігі және т.б.
  4. Бюджттің алдында берешегінің болмауы туралы салық органдарының анықтамасы, бухгалтерлік баланстың көшірмесі.

Құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 2015 жылғы 30 қарашаға дейін  мына мекенжай бойынша қабылданады: ШҚО, Шемонаиха қаласы, Вокзальный көшесі, 149, 3-қабат, «Шемонаиха ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ.  Сұрақтар бойынша 8(72332) 34236 телефона хабарласуға болады.

Шемонаиха ауданының кәсіпкерлік жәңе ауыл шарушылығы
бөлімінің басшысы М. Байжуменов

Шағын бизнес

2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша  ауданда шағын бизнестің 222 кәсіпорыны тіркелді. Жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны 142, оның ішінде белсенді жұмыс істейтіндер саны -  139 кәсіпорын. Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындардың жалпы саны-98%.
ШОБ  саласында  қызметкерлердің саны  2014 жылдың 31 желтоқсанына 1230 адамды құрады.
Өндірістік өнімдердің көлемі,  шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен көрсетілетін қызметтердің көлемі 2014 жылдың 31 желтоқсанына 5628,4 млн. теңгені құрады.

Шемонаиха ауданында инвестициялық жобаларды іске асыру
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында «Альянс Банк» ШҚФ арқылы жалпы сомасы 530,4 млн. теңгеге «Құрамажем зауытын құруға арналған жабдықтарды сатып алу» жобасы іске асырылды. 2014 жылдың мамыр айының аяғында «ШҰҚТК» ЖШС құрамажем комбинаты ашылды.
«Даму Өндіріс» бағдарламасы аясында Шемонаиха ауданы бойынша    «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы «Востоксельхозпродукт» ЖШС «Күнбағыс қауызын ұнтақтауға арналған кешен» (өндірістік қуаты сағатына 2500 кг, 16,5 млн.теңге) және «Күнбағыс майын құюға арналған  ПЭЫ үрлеу және бөтелкелерге этикеткалар жапсыру желісіне» (өндірістік қуаты сағатына 6000 бөтелке, 68,7 млн.теңге) жабдықтар сатып алуға 67,9 млн. теңге сомасында несие алды. Кәсіпорынмен  «Өндіріс-2» бағдарламасы бойынша  несие алынды. Осы жобаларды іске асыру  күнбағыс майының құйылуына және  30% дейін көмірдің пайдаланылуын төмендетуге және  кәсіпорынды толық бөтелкелермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Қосымша 36 жұмыс орындары ашылады.
«Наумбетов И.И.» ШҚ «Ыдыстарды және қаптама  материалдарын әзірлеу».  Жобаның құны  100 млн. теңге. Жобалық қуаты  жылына 250 тонна полипропиленді мата. Жоба жеке қаражат есебінен қаржыландырылады. Өнім Ресей Федерациясына экспортқа бағытталған. Өндірілетін мата екінші өндірісінің өнімі болып табылады. Қосымша 55  жұмыс орындары құрылды. Бүгінгі күнде  жобаға мемлекеттік қолдау қажет  етілмейді.
Индустриализация картасы бағдарламасы аясында Шемонаиха ауданы бойынша «Автокөлік құралдарына арналған тіркемелер мен жартылай тіркемелерді шығару жөніндегі цехін ашу» жобасы енгізілді. Инвестициялық жобаның бастамашысы «Восток-Автопром» ЖШС өндірістік-коммерциялық фирмасы болып табылады.  Жобаның жалпы сомасы 180 млн.теңге – жеке қаражат есебінен, 40 млн.теңге «НАТР» АҚ гранты. Жобаның жобалық қуаты: табиғи көлемінде  – 600 бірлік, бағалық көлемінде – 150 млн.теңге. осы жобаны жүзеге асыру есебінен құрылыс кезінде 8 жаңа жұмыс орындары және пайдалану кезінде 10 жұмыс орындары құрылады. Қазақстан Республикасы аумағындағы өнімдерді сату нарығы 85%, Ресей Федерациясында – 15%. Жобаны іске асырудан республика экономикасына келетін мультифликативті тиімділік бюджетке түсімдердің артуы мен 10 жұмыс орындарын құру болып табылады.

Ауданның кәсіпкерлерінің назарына!

ШҚО кәсіпкерлер палатысының аудандық филиалы сервистік қызметтердің келесі түрлерін көрсетеді:
1. Бухгалтерлік және салық есебін жүргізумен, сонымен қатар статистикалық есеп беруді құрумен байланысты қызметтер, оның ішінде:
1) салық салу және салықтық  әкімшілік ету;
2) салық заңнамасы және кәсіпорындардың бухгалтерлік қызметін реттейтін заңнама;
3) бастапқы құжаттарды өңдеу, бюджетке салықтарды есептеу және басқа да аударымдар;
4) бухгалтерлік есептерді қалпына келтіру;
5) бухгалтерлік есепті жүргізу;
6) «1С – Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыстар;
7) салықтық және статистикалық есептерді дайындау және өткізу;
8) басқа да ұйымдар үшін қаржы қызметі бойынша қосымша есептер құру;
9) электрондық статистикалық есептерді ұсыну.

2. Кедендік тәртіп бойынша қызметтер, оның ішінде:
1) кедендік заңнама және кедендік тәртіп саласындағы кеңестер;
2) тауарларды мағлұмдау тәртібі мен ережесі, кедендік құнды анықтау және түзету, кедендік декларацияны  толтыру жөніндегі кеңестер,
3) нақты тауарлар бойынша тарифтік және тарифтік емес реттеу жөніндегі кеңестер;
4) сыртқы экономикалық қызметтерді құжаттамалық ілестіру;
5) сыртқы экономикалық қызметтер үшін рұқсат, лицензиялар алу бойынша –кеңестер;
6) Кедендік Одақ аясында жүктерді мағлұмдау бойынша кеңестер;
7) сыртқы тауар келісімшарттарының шарттары бойынша кеңестік қызметтер.

3. Менеджмент жүйесін енгізу бойынша барлық процесстерді толық ілестіру және кеңес беру, оның ішінде:
1) құжаттарды ИСО 9001:2000 (менеджмент сапасының жүйесі), ИСО 14001:2004 (экологиялық менеджмент жүйесі), ИСО 22000:2005 (тағам өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйесі), OHSAS 18001:2007 (техникалық қауіпсіздік және денсаулықты қорғау жүйесі) халықаралық стандарттарының және басқа да стандарттардың талаптарына сәйкес сертификаттауға дайындау;
2 қызметкерлерді сапаның стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес оқыту;
3 қолданыстағы менджмент жүйесін ИСО 9001:2000 (менеджмент сапасының жүйесі), ИСО 14001:2004 (экологиялық менеджмент жүйесі), ИСО 22000:2005 (тағам өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйесі), OHSAS 18001:2007 (техникалық қауіпсіздік және денсаулықты қорғау жүйесі) стандарттарының талаптарына және де басқа стандарттарға сәйкес сараптау;
4) менеджмент жүйесін енгізу және әзірлеу;
5) менеджменттің интеграцияланған жүйесін енгізу және әзірлеу;
6) ішкі аудитті жүргізуде көмек көрсету;
7) сертификаттау алдындағы аудитті жүргізу бойынша кеңестер;
8) қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесін сертификаттау.

4. Заңгерлік қызметтер, оның ішінде:
1) кәсіпорынды (жеке кәсіпкердің) тіркеу және қайта тіркеуге құжаттарды дайындау, жою жөніндегі кеңестік қызметтер;
2) кәсіпорынды (жеке кәсіпкердің) құжаттарды тіркеу және қайта тіркеуге, жоюға дайындау;
3) шарттар жобасын әзірлеу бойынша кеңестер;
4) шартар жобасын әзірлеу;
5) азаматтық және еңбек құқығы саласындағы кеңестер;
6) құжат айналымын жүргізу бойынша кеңестер;
7) кепілдеме ұсынумен құжат айналым аудиті;
8) бизнес жоспардан басқа, кредиттеуге құжаттар пакетін дайындау жөнінде кеңестер;
9) бизнес жоспардан басқа, кредиттеуге құжаттар пакетін дайындау;
10) кадрлық құжатарды жүргізу бойынша кеңестер;
11) кепілдеме ұсынумен кадрлық құжаттардың аудиті;
12) ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес құжаттарды тексерумен байланысты кеңестік қызметтер.

5. Маркетинг мәселесі бойынша қызметтер, оның ішінде:
1) баға саясатын әзірлеу бойынша кеңестер;
2) нақты тауарлар, нарықты есепке ала отырып қызметтер мен жұмыстар, сонымен қатар мемлекеттік сатып алулар жоспары мен қорытындысы, ұқсас тауарлар бойынша қойнауды пайдаланушылар мен халықтық компаниялардың сатып алулары, жұмыстар мен қызметтер бойынша баға саясатын әзірлеу;
3) екінші деңгейдегі банктерде бизнес жоспарды әзірлеу және қарауға дайындау бойынша кеңестер;
4) екінші деңгейдегі банктерде бизнес жоспарды әзірлеу және қарауға дайындау;
5) кәсіпорындардың (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша кеңестер;
6) кәсіпорындардың (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу;
7) кәсіпорындардың (жеке кәсіпкердің) маркетингтік қызметін талдау және бағалау бойынша кеңестер;
8) кәсіпорындардың (жеке кәсіпкердің) маркетингтік қызметін талдау және бағалау;
9) тауарлар қозғалысын және/немесе қызметін және/немесе жұмысын, тауарлар сұранымының түрлерін және/немесе қызметін және/немесе жұмысын зерделеу жоспарын талдау бойынша кеңестер;
10) ұсыныс немесе қорытынды берумен тауарлар қозғалысын және/немесе қызметін және/немесе жұмысын, тауарлар сұранымының түрлерін және/немесе қызметін және/немесе жұмысын зерделеу жоспарын талдау;
11) бәсекелес ортаны талдау бойынша кеңестер;
12) нарықты есепке ала отырып бәсекелес ортаны талдау, сонымен қатар ұқсас тауарлар бойынша қойнауды пайдаланушылар мен халықтық компаниялардың сатып алулары, мемлекеттік сатып алулар , жұмыстар мен қызметтердің жоспарлары мен қорытындыларын талдау;
13) жарнама компаниясын, сауда маркасын әзірлеу бойынша кеңестер;
14) жарнама компаниясын, сауда маркасын әзірлеу;

6. Ақпараттық технологиялық қызмет көрсету саласында кеңестер, оның ішінде:
1) ғаламтор ресурстарын қолдау және әзірлеу;
2) кәсіпорындардың (жеке кәсіпкердің) сайт-визиткасын құру;
3) ғаламторда бизнес жүргізу және құру;
4) электрондық есеп беру бағдарламасын орнату және қолдау;
5) «1С – Бухгалтерия» бағдарламасын орнату және қолдау;

7. Мемлекеттік сатып алулар мен халықтық компаниялардың, қойнауды пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты қызметтер, оның ішінде:
1) конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінім дайындау;
2) конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімге сараптама (аудит) жүргізу;
3) Қазақстанның сатып алулары бойынша біріңғай құрылымдық ақпараттық базаны ұстайтын ғаламтор көздерін қосу;
4) кәсіпорынның / жеке кәсіпкердің мемлекеттік және басқа да сатып алуларға қатысу үшін жетілдіру мүмкіндігіне құжаттарын сараптау (аудит);
5) сатып алуларды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағым беру;
6) қазақстандық ұстау есебі;
7) Қазақстанның мемлекеттік және басқа да сатып алуларының нарық ауқымы бойынша аналитикалық есептерін ұсыну;

8. Менеджмент мәселесі бойынша қызметтер, оның ішінде:
1) ұйымдастырушылық құрылымдарын кәсіпорынмен басқаруды құру және өкілеттіктерін бөлу мәселесі бойынша кеңестер;
2) кәсіпорынның стратегиялық жоспарын (стратегияларын) дамытуды әзірлеу бойынша кеңестер;
3) кәсіпорынның стратегиялық жоспарын (стратегияларын) дамытуды әзірлеу;
4) корпоративтік басқару, корпоративтік саясатты әзірлеу мәселелері бойынша кеңестер;
5) халықаралық нарыққа шығу стратегиясын әзірлеу бойынша кеңестер;
6) жобаларды басқару мәселесі бойынша кеңес беру;
7) жобаның техникалық және қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша кеңестер;
8) қаржылық талдау мен жоспарлау бойынша кеңестер;
9) кәсіпорынның кадрлық саясатын әзірлеу бойынша кеңестер;
10) кадрлық іс-жүргізу бойынша кеңестер;
11) қызметкерлердің еңбек ақысын төлеу бойынша кеңестер;
12) қызметкерлерді ынталандыру мен бағалауды уәждемелеудің кешенді жүйесін әзірлеу жөніндегі кеңестер;
13) қызметкерлерді ынталандыру мен бағалауды уәждемелеудің кешенді жүйесін әзірлеу;
14) жекешелендіруге қатысу үшін кәсіпкелерді дайындау.

Телефондар:  3-18-18,  8777651111

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН!» акциясы аясында

2015 жылғы 11 ақпандағы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалық етуімен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста ағымдағы жылдың экономикалық саясаты айқындалып, болашақтағы қадамдары жасалды.
«Бүгінгі экономикалық қиын қыстау кезеңде азаматтарымыздың ұлтжандылығына үміт артып, отандық өнімдерді сатып алуға шақырамыз», - деді өз сөзінде Елбасы.
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН!» акциясы аясында отандық тауарларды сату секцияларының сауда нүктелерінде жұмысты бастауды сұрады. 
Барлық шемонаихалықтарды аталған акцияға атсалысуға шақырып, отандық өнімдерді сатып алуға, өндірушілерді қолдауға шақырамыз!
Құрметті Шемонаиха ауданының кәсіпкерлері, берілген логотиптерді жасатып, сауда орындарында, сөрелерге жапсыруларыңызды сұраймыз. Бұл шара аталған өнімнің отандық екендігі туралы сатып алушыларға ақпарат береді.

2013 жыл

Шағын бизнес
Ауданда  219 шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, 2012 жылғы деңгейге 98,6 пайыз (222 бірлік).
Жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 139, (2012 жылғы деңгейге – 98,6 пайыз, жалдпы санынан - 63,5 пайыз (141 бірлік). Оның ішінде белсенділер саны – 134 бірлік ( 2012 жылғы деңгейге 103,1  пайыз). Жұмыс істейтін кәсіпорындар санының жалпы көлемінен белсенді жұмыс істейтіндері 96 пайыз.
Бөлшектік тауар айналымының көлемі 2015,3 млн.теңге немесе 2012 жылғы деңгейге 112,8 пайыз.

Инвестициялар мен инфрақұрылымдық кешендер
Бағалауды есепке алғанда негізгі капиталдағы инвестициялар көлемі 2052,5 млн.теңге өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 164 пайыз. Негізгі капитал инвестицияларындағы  нақты секторлар инвестицияларының көлемі 1938,0 пайызды құрайды.
Құрылым-монтаждау жұмыстарының көлемі – 841,3 млн.теңге, 2012 жылғы ұқсас кезеңге 190,4 пайыз..
Тұрғын үйді қолданысқа енгізу есептік кезеңде  жалпы ауданы 3213 шаршы метрді құрайды (өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 56,5 пайыз).

Ауданға жаңа инвестицияларды тарту жөнінде жүргізілетін жұмыстар туралы

Кәсіпкерлік бөлімімен  экономика және бюджетті жоспарлау бөлімімен бірлесе отырып  ауданға жаңа инвестицияларды тарту жөнінде жұмыстар жіргізіледі. Осы мақсатта кәсіпкерлік бөлімімен бизнесті мелмекеттік қолдауды іске асыру құралдарын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Шемонаиха ауданындағы кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттандыруды қамтамасыз ету мақсатында Шемонаиха ауданының кәсіпкерлік бөлімімен  Шемонаиха ауданының ресми сайтында, сонымен қатар «ЛЗ-сегодня» ресми газетінде қаржылық институттарымен көрсетілетін қызметтер – орналасқан орны, пошталық мекенжайы және байланыстық ақпараттары көрсетілген кәсіпкерлікті қолдауды дамыту институттарының тізімі жарияланған.

Ауданға жаңа инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарламаларды толық қанды іске асыру мақсатында  жоспар дайындалған, оның негізінде  «Инвесторларға арналған жол көрсеткіш» кітапшасын шығару жоспарлануда. Инвесторларға арналған жол көрсеткіш келесі мазмұнда құрылады:  ауданның сипаттамасы, ауданның және округтер бойынша жеке экономикалық мамандануы, сонымен қатар келешектегі жобалар тізімі. Аудандағы ішкі өңірлік өнімдердің жалпы құрылымы келесідей: өнеркәсіп 32,55 млрд.теңге немесе 61 пайызды құрайды, ауыл шаруашылығы 14,1 млрд.теңге немесе 26 пайыз, сауда мен қызметтер 6,9 млрд.теңге немесе  13 пайыз. Жаңа жобаларды тарту бойынша келесі салалар бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда: өнеркәсіптің тау-кен және өңдеу салалары, ауыл шаруашылығы салалары, сонымен қатар туристік сала. Өнеркәсіптік өндіріс құрылымы өзіне тау-кен өнеркәсібін қосады ол 74 пайызды, өңдеу саласы – 22 пайызды, электроэнергияны, суды және жылуды өндіру және шығару -4 пайызды құрайды.

Есептік кезеңде келешегі бар жобалардың тізімі жасалды, жаңа инвесторлар іздеу мақсатында оларды таныстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Р.Кудайбергенов

 

Парақтар өзгертілді: 01-06-2017