Мәдениет

«Шемонаиха ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» КММ

Заңды мекен-жайы:
Шемонаиха қаласы, Аврора көшесі, 2.
Телефон 8-72332-9-15-08.
e-mail centr_2008@mail.ru ескерту

Жұмыс уақыты:  9.00-18.00 Демалыс сенбі, жексенбі

Байланыстағы тұлға: Оразгалиева Бакытгул Ануарбековна, директор

Мекеме коммерциялық емес ұйым болып табылады, басты мақсаты Шемонаиха ауданының аумағында мәдениет, тілдерді дамыту саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңын, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Тілдерді қолдану мен дамытудың өңірлік бағдарламасын, "Тілдердің үш тұғырлығы" мәдени жобасын жүзеге асыру болып табылады;
2018-2019 оқу жылында мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығында 16 топта мемлекеттік тілді 218 тыңдаушы оқиды.
"Тілдердің үштұғырлығы" ұлттық мәдени жобасы бойынша барлық ниет білдірушілерге ағылшын тілін оқыту курстары ұйымдастырылды. Оқыту  New Englich Fail оқу-әдістемелік кешені бойынша бастаушы бағдарлама бойынша жүргізіледі. Барлығы 19 тыңдаушы оқиды.
"Тілашар" бағдарламасы бойынша жыл бойы келісім шарт бойынша тегін негізде мемлекеттік тілді аудандық мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері оқып шықты. Аталған курстарды өткізудің мақсаты-коммуникативтік сөйлеуді күнделікті қарым-қатынас құралы ретінде дамыту және қазақ ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Курс қазақ тілін үйренуде алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді. 2018 жылы "Тілашар" курстарында 105 адам білім алды.

Орталық қажетті материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік базамен жабдықталған. Іс жүргізу, аударма негіздері бойынша оқулықтар, сөздіктер, оқу құралдары дайындалды. Жұмыста мемлекеттік стандарттарға негізделген ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген қазақ тілін оқытуға арналған жаңа типтік бағдарламаны басшылыққа алады, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етілген, бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған, онда барлық тілек білдірушілер байқау сынағынан өте алады.
Оқыту облыстық лингвистикалық орталық бекіткен І, ІІ, ІІІ деңгейлік Бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.

 

Парақтар өзгертілді: 05-02-2019