Құрылыс

«Шемонаиха ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ өткен  2016 жылғы және 2017 жылғы 7 айда жасалған жұмысы туралы ақпарат

«Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында келесі жобаға Ұлттық қордан қаражат қарастырылған: «ШҚО, Шемонаиха ауданы, Красная Шемонаиха с. су тоғаны мен су құбыры желілері трассасының құрылысы» - құрылыс құны 288,788 млн. теңге, су құбыры желілерінің ұзындығы 12,421 км. «ПСК Өскемен Құрылыс» ЖШС мердігер ұйым болып табылады. 2017 жылға 262,451 млн. теңге бөлінді. Бірінші жартыжылдыққа ақшалай қаражатты игеру сомасы 155,685 млн. теңгені құрады, оның ішінде маусым айына 46,029 млн. теңге.
Траншеяларды әзірлеу бойынша жер жұмыстары аяқталды, су құбырларын төсеу жүргізілуде, 9 км жуық құбыр төселді, бірінші су көтеру станциясын көтеру жүргізіліп жатыр.
«ШҚО, Шемонаиха ауданы, Красная Шемонаиха с. су тоғаны мен су құбыры желілері трассасының құрылысы»
Бас құрылысшы - «ПСК Өскемен Құрылыс» ЖШС;
Құрылыстың жалпы құны 288,788 млн. теңге;
су құбыры желілерінің ұзындығы 12,421 км.
Объектідегі жұмыстар: Траншеяларды әзірлеу бойынша жер жұмыстары аяқталды, су құбырларын төсеу жүргізілуде, 12 км жуық құбыр төселді, бірінші су көтеру станциясын көтеру жүргізіліп жатыр. Үйлерге жеткізу жүргізіліп жатыр.
2017 жылға 262,451 млн. теңге бөлінді.
Бірінші жартыжылдыққа ақшалай қаражатты игеру сомасы 155,685 млн. теңгені құрады, оның ішінде маусым айына 46,029 млн. теңге.

Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер келесі жобалардың құрылысы бойынша қарастырылған:
«ШҚО, Шемонаиха ауданы, Рулиха с. су тоғаны мен су құбыры желілері трассасының құрылысы»
Бас құрылысшы - «GRAND INERT» ЖШС.
Құрылыстың жалпы құны 484,131 млн. теңге,
су құбыры желілерінің ұзындығы 23,709 км.
Объектідегі жұмыстар: жер жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көшелер бойынша құдықтан құдыққа су құбырларын қысыммен тексеру бойынша жұмыс жүргізілуде, осы учаскелер бойынша қайта көму жүргізілуде. Өртке қарсы резервуарларға негізін тегістеу жасалды, бірінші су көтеру станциясының панелдерін қою жүргізілуде. Объектіге сақиналар, ілмекті арматура, су құбырларының 100%, 4 бірлік техника – 2 экскаватор, тиегіш, самосвал әкелінді. 18 км су құбыры төселді.
2017 жылға 436,408 млн. теңге бөлінді.
Бірінші жартыжылдықта ақшалай қаражатты игеру сомасы 265,0 млн. теңгені құрады, оның ішінде шілде айына 70,0 млн. теңге.

«ШҚО, Шемонаиха ауданы, Ново-Ильинка с. су құбыры желілерінің құрылысы»
Бас құрылысшы - «ALTAY ENVIRONMENTAL MANAGEMENT» ЖШС.
Құрылыстың жалпы құны 240,460 млн. теңге,
су құбыры желілерінің ұзындығы 9,306 км.
Объектідегі жұмыстар: Су кернеуіш мұнараның фундаментін қалау бойынша бетонды жұмыстар жүргізілуде, су кернеуіш мұнараның конструкциясы толық құрастырылды, көшенің екі жағында қайта көму жұмыстары аяқталды,тұрғын үйлерге жеткізу учаскелерінде су құбырлары төселуде, темір бетонды сақиналар гидрооқшаулау жүргізілді, объектіге күнделікті материалдар мен жабдықтар әкелінуде. Сорғы станциясының құрылысы бойынша жұмыс жүргізілуде. Объектіге сақиналар, ілмекті арматура әкелінді, су құбыры үнемі жеткізіледі, 5 бірлік техника – жыланбауыр жүрісімен 1 экскаватор, 2 тиегіш, 1 самосвал. 150 диаметрлі 3,200 км су құбыры төселді. Су құбырының іс жүзіндегі ұзындығы 11 км құрады.
2017 жылға 233,893 млн. теңге бөлінді.
Бірінші жартыжылдықта ақшалай қаражатты игеру сомасы 186,8 млн. теңгені құрады, оның ішінде шілде айына 49,0 млн. теңге.

2016 жылдан бастап Шемонаиха ауданы аумағында Верх-Уба с. орта мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. «ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады. 300 орынды мектептің құрылысы бойынша бас құрылысшы ШҚО Күршім ауданы Күршім а. «Өскемен Құрылыс» ПСК ЖШС болып табылады. Құрылысты жүргізу мерзімі – 2017 жылғы 01 тамызға дейін. ҚР Ұлттық қоры қаражатынан 2016 жылға 629 695,0 мың тг. сомасында қаражат бөлінді, олар толық көлемде игерілді. 2017 жылға ақшалай қаражатты игеру 274,3 мың тг. құрайды. Ұлттық қор қаражаты – 184 155,0; жергілікті бюджет – 88 392,0. Мектепті ашу 2017 жылғы қыркүйек айына жоспарланып отыр.

«Нұрлы Жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы
Шемонаиха қаласының бекітілген бас жоспары және бекітілген №5-ықшам ауданы құрылысына (қаланың солтүстік бөлігі) қала құрылысы құжаттамасы негізінде жеке тұрғын үй құрылысының 85 телімі орналасқан. Өтініш берушілер жерге сәйкес құжаттарды алған.
Мониторинг нәтижелері бойынша бүгінгі таңда ағымдағы жылы 20 адам тұрғын үй салуды жоспарлап отыр, оның ішінде 3 адам үйлердің құрылысына жобалық құжаттама дайындап жүр, 5 адам құрылыс материалдарын сатып алған, Наурыз көшесі, 8 мекенжайы бойынша іргетасы құйылды, учаске қоршалған. Тұрғын үй ауданы 116 шаршы метр Победы көшесі, 8 және тұрғын үй ауданы 114 шаршы метр Наурыз көшесі, 11 мекенжайлары бойынша тұрғын үйлер пайдалануға берілді.
«Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысының жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында, облыстық бюджеттік комиссия қорытындысы негізінде «ШҚО, Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қ., №5-ықшам ауданының сумен жабдықтау, шаруашылық кәріз, нөсер кәрізінің құрылысы» объектісінің құрылысы бойынша сумен жабдықтау желілерінің құрылысына 124,851 мың теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді, сумен жабдықтау желілердің ұзындығы – 6,618 км құрайды.

Шемонаиха ауданы аумағын дамытудың 2016 жылдан 2020 жылға дейінгі бекітілген жоспары бойынша 2017 жылға тұрғын үйді енгізу 4500 шаршы метрді құрайды.

Ауданда тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы.

Шемонаиха қаласының №5-ықшам ауданы аумағында ағымдағы жылы «ЖҚЖК 2020» қоныс аударудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды (құрылыстың жалпы құны 675,0 мың теңге, 2017 жылға 396,589 млн. теңге бөлінді, 22.01.2015 жылғы №06-0043/15 мемлекеттік сараптама).
«Элхон-Строй» ЖШС мердігер ұйым болып табылады, 2017 жылға 396,589 мың теңге бөлінді. Бірінші жартыжылдықта ақшалай қаражатты игеру сомасы 125,0 млн. теңгені құрады, оның ішінде маусым айына 75,0 млн. теңге.

2016 жылғы 12 айдың рейтингтік көрсеткіштерін бағалау нәтижелері бойынша тұрғын үй құрылысы бойынша көрсеткіш 4002 шаршы метрді құрады, бұл өткен жылға 57% құрайды.
Ағымдағы жылғы жеті айда Шемонаиха ауданы бойынша 2415 м2 тұрғын үй енгізілді, 2016 жылғы сәйкес кезеңі көрсеткішіне 3167 м2 тең 76,3% құрады.

«Шемонаиха ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтердің келесі түрлерін жүзеге асырады:

  1. «Елді мекен шегінде объекті құрылысына жер телімін беру»;
  2. «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»;
  3. «Көтергіш және қоршау конструкцияларды, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес бар ғимараттардың жайларын (бөлек бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру»;
  4. «Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
  5. «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжайларды анықтау бойынша анықтамалар беру»;
  6. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары бөлінген алабында жарнаманы стационарлы орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру»;
  7. «Эскизді жобаны келісу».

Барлық қызметтерге мемлекеттік қызметтің стандарттары, регламенттері мен паспорттары әзірленген және бекітілген, олар Бөлімнің ақпараттық стендінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде «Е-лицензиялау» деректердің мемлекеттік базасы және ХҚКО БАЖ халыққа қызмет көрсетуге арналған біріктірілген ақпараттық жүйесі пайдаланылады.
2016 жылғы қорытынды бойынша Құрылыс бөлімі келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» - 150;
«Елді мекен шегінде объекті құрылысына жер телімін беру» - 40;
«Көтергіш және қоршау конструкцияларды, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес бар ғимараттардың жайларын (бөлек бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» - 29;
«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжайларды анықтау бойынша анықтамалар беру» - 410;
«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары бөлінген алабында жарнаманы стационарлы орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру» - 1;
«Эскизді жобаны келісу» - 103.
2017 жылғы 7 айда құрылыс бөлімі 484 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде ХҚКО арқылы 482.

 

«Шемонаиха ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ атқарылған жұмыс туралы ақпарат

кн 2013-2015 гг. *.doc 59 KB

 

Парақтар өзгертілді: 14-08-2017