Аудан әкімі

Шемонаиха ауданы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде орналасқан  Шемонаиха ауданы 1928 жылы құрылды. 4 мың км аумақты алып жатыр, халық саны - 48,2 адамды құрайды. Ауданда 11 әкімшілік- аймақтық бірлік, оның ішінде 8 – ауылдық округтер, 2 кент және 1 қала округтері бар.
Аудан өміріндегі мағыналы және қызығы көп оқиғалар сайт беттерінде жарық көреді. Сайт арқылы біз білуге құмар адамдарға ауданның даму тарихын, көз тартарлықтай ескерткіштерін, оның бүгінгі өмірі жөнінде білімдерін кеңейту мүмкіндігін ұсынамыз.
Мұнда сіздер атқарушы билік ұйымдарының әрекеттерін, мемлекеттік мекеменің, кәсіпорындар мен ұйымдардың, қоғамдық құрылымдардын ресми кездесулері, жұмыс іссапарлары туралы ақпаратпен таныса аласыздар.
Біздің сайт, Интернет – қолданушылар мен атқарушы билік ұйымдарының арасында ақпарат алмасудың тиімді тәсілі болатынына, Шемонаиха ауданы және жалпы Шығыс Қазақстан облысы жөніндегі танымдарын кеңейте түсуге жағдай жасайтынына сенімдімін.

кн  ӘКІМІНІҢ БЛОГЫ


Шемонаиха ауданының әкімі

Лауазымнан міндеттері

Мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста аудан мүддесін білдіреді.
Облыс әкіміне орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңдарын, кесімдерін орындау бөлігіндегі қызметі жөнінде ұсыныс береді.
Облыс әкіміне тиісті тұлғаларды мемлекеттік наградалармен наградтау, оларға құрметті және өзге де атақтарды беру туралы ұсыныстар енгізеді.
Аудандық мәслихатқа «Шемонаиха ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс енгізеді.
Мынадай лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады: аудан әкімінің орынбасарларын, аудан әкімі аппаратының басшысы мен оның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын, Шемонаиха қаласы, аудан кенттерінің, ауылдық округтердің әкімдерін. Аудан әкімінің орынбасарларына, аппарат басшысы мен оның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына, сондай-ақ Шемонаиха қаласы, аудан кенттерінің, ауылдық округтердің әкімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мәселелерін шешеді.
Ауданның қала, кенттер, ауылдық округтері әкімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Ауданның қала, кенттер, ауылдық округтері әкімдері арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттеседі.
Консультативтік-кеңесші органдардың ведомствоаралық сипаттағы мәселелері жөніндегі дербес құрамын аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынады.
Ауданның прокуратурасы, аудандық сотпен, мамандандырылған әкімшілік сотымен, ауданның ішкі істер бөлімі және әділет басқармасымен, ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен, қаржы полициясының өңіраралық бөлімімен, ауданның кедендік және шекаралық бақылау органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

кн   Телефон: 8-72332 3-23-00, қабылдау бөлімі 8-72332-3-24-01

кн Шемонаиха ауданының әкімі А.Ж.Тоқтаровтың аудандық мәслихат сессиясында жүктелген функциялардың және міндеттердің орындалуы туралы есеп беру баяндамасының тезистері *.doc 69 КБ
кн Шемонаиха ауданы әкімі А.Ж.Тоқтаровтың халық алдындағы есебі, 2013 жыл *.doc 96 КБ
кн Шемонаиха ауданы әкімі А.Ж.Тоқтаровтың тірек елді мекендер бойынша облыстық семинарда сөйлеген сөзі *.doc 96 КБ

 

Парақтар өзгертілді: 31-05-2018